Тақырыбы: Ана мен бала сайысы
Сабақтың мақсаты:
1. Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу.
2. Халықтық педагогиканы насихаттау, мақал – мәтелдер арқылы тілдік қорын дамыту.
3. Ата-анамен байланысты нығайту. Ана, әже тәрбиесін үлгі ету. Бірін-бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сайыстың жүру тәртібі:
1. Ұйымдастыру (мұғалімнің кіріспе сөзі)
2. Ана мен баланы таныстыру.
3. Сайыстың шарттары
4. Әділ-қазылар алқасын тағайындау
5. Сайысты қорытындылау
Мұғалім: Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ертеден түсінген. Бала - өмірдің жалғасы, халықтың мұрагері. Кең даламызда көшпелі күн кешіп, аттың жалында, түйенің қомында жүрсе де, халқымыз жас ұрпаққа жақсы тәрбие берудің салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, қалыптастырған.
Әже мен ана тәрбиесінің бала өмірінде алатын орны ерекше. Ондай тәрбиені көрген бала болашақта ізетті, инабатты адам болып өсуіне күмән жоқ.
Ән:
Сайыстың шарттары:
1. Таныстыру
2. Балаларды еркелету (төрт түлік малға)
3. Ситуациялық жаңару. Құстарға байланысты.
4. Өнер сайысы, ән айту)отан, ана, бала, туған жер)
5. Мақал – мәтел сайысы
6. Сұрақ – жауап (тәрбиеге байланысты)
7. Қорытынды
I. Таныстыру
Ана мен бала келді ортамызға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен, ізетпенен танысуға.
- Дей келе, ана мен бала өздерін таныстырып өтеді.
II. Балаларды еркелету
Ботақаным – бөбегім
Шырқайтұғын өлеңім
Бөбегімдей тәй басқан
Сені жақсы көремін
- Аналар балаларына еркелету сөз айтады
III. Ситуациялық жағдай
- Тосын ситуациялық жағдайлардан шығу туралы өз ойларын айту.
IV. Өнер сайысы
Жарайсыңдар барлығым да өренім,
Асып бір төселсінші кемерің.
Ырза болып, біздер ғана көрелік,
Тамашалап сайыскерлер өнерін. (әндер сайысы)
V. Мақал – мәтел сайысы
Отбасыма жеңістерді әпердім,
Сонда да көп шарттарды әкелдім.
Кезек келді, енді сайыс кезегі,
Сөз өнері – мақал менен мәтелдің.
VI. Сұрақ – жауап сайысы
Әр топқа 2 сұрақтан беріледі, соған жауап береді.
VII. Қорытынды
Құттықтаулар, сыйлықтар тапсыру.