Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғаламтордың шығу тарихынан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғаламтордың шығу тарихы тақырыбы бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
Мәтіннің мазмұнын сұрау
ІІІ. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2. Сөздікпен танысу: жүйе - система
Әскери зерттеулер - военные исследования
Сенімділік - надежность
Кесінді - отрезок
Хаттама - протокол
Мүмкіндіктері - возможностиъ
Бағалау - оценить
А) сөздерді дұрыс айту;
Ә) сөздік дәптерге жазып алу;
Б) сөз тіркестерін құрап жазу.
3. Мәтінмен танысу - Оқылым
IV. Жаңа сабақты бекіту: Деңгейлік тапсырмаларды орындау
ІІІ деңгей
1. Мәтіннің мазмұнына сәйкес төменде берілген сұрақтарды рет-ретімен қойып, соларға жауап беріңдер.
- Интернет арқылы кіммен танысуға болады?
- Интернет осыдан неше жыл бұрын пайда болған?
- Торапаралық хаттама деген не?
- Интернетті пайдаланатындар нені іздейді?
- Интернеттің лайықты мүмкіндіктерін кімдер бағалаған?
- Интернет алғашқы рет қай елде пайда болған?
2. Ғаламтордың шығу тарихынан мәтінінің мазмұнын ашатын 3 - 4 сөйлем негізінде мәтінді жазбаша әңгімелеңдер.
ІІ деңгей
1. Мәтінді бөліктерге бөліп, әрқайсысына ат қойыңдар. Интернационалдық терминдерді пайдаланыңдар.
2. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді басқа синоним сөздермен ауыстырып, әңгімелеңдер.
І деңгей
Интернеттің шығу тарихы бойынша қосымша мәліметтерді жинақтап, әңгімелеңдер.
V. Сабақты қорыту: Жазылым: сөйлемдерге тиісті етістіктерді қойып жазу
4 - тапсырма
Интернет осыдан 25 жыл бұрын АҚШ - та...
Ол әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін...
Мамандар Интернеттің лайықты мүмкіндіктерін...
Интернетті пайдаланатындардың барлығы ақпарат...
Керекті сөздер: іздейді, бағалады, пайда болған, құрылған.
VI. Үй тапсырмасын беру: 236 - бет мәтінді мазмұнын айту
VII. Бағалау.
VIIІ. Рефлексия: Даналық ағашына өз пікірлерін жазып қалдырады
Сабақ жоспарының толық нұсқасын қарау