Ыбырай - шағын әңгіме шебері

Скачать

Cабақтың тақырыбы: Ыбырай - шағын әңгіме шебері. (10 - сынып)
Мақсаты:
Білімділік: Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің көркем проза саласындағы еңбектеріне тоқталу. Оларды талдау арқылы жазушының айтар ойын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Отанын, халқын сүйіп, қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.
Қолданылатын әдістер: СТО әдіс - тәсілдері, талдау, баяндау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин - шағын әңгіме шебері тақырыбында слайдтар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен сабақты пысықтау
Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы, ағартушылық қызметі.
- Өткен сабақта қазақ даласына білім нұрын төккен, ұлы кемеңгер ұстаз Ыбырай Алтынсарин туралы өткен болатынбыз, олай болса, қаншалықты меңгергенімізді байқап көрейік.

Тірек сигналдар әдісі
1841 жыл 20 қазан
Балқожа Жаңбыршыұлы
Мектеп
Оқулық
Ақын
Аудармашы

ІІІ. Жаңа сабақ
- Бүгін Ыбырайды шағын әңгіме шебері ретінде яғни прозалық шығармаларына тоқталамыз. Ыбырай құрастырған тұңғыш оқулық Қазақ хрестоматиясының бір бөлімі өзі жазған шағын әңгімелерден тұрады.
- Алдымен, әңгіме дегеніміз не?
Әңгіме - қара сөзбен жазылған, шағын көркем шығарма.
Ыбырай - қазақ әдебиетіндегі көркем проза саласының негізін салушы, Европалық үлгідегі шағын көркем шығарманы қазақ оқырманына тұңғыш әкелуші. Төменгі сыныптарда біз Ыбырайдың біраз әңгімелерімен танысқанбыз. Қандай әңгімелерін білеміз?
Талдау бөлімі.
Бұл қай әңгіме? (Сұрақ белгісі тұрған торкөздерді толтыру керек.)
Әңгіменің аты------- Тірек сөздер----------------------------------------------------- Түйін
?------------------------- Он жасар бала, әке, таға, он үш тиын, шие.----------- Қанағат қарын тойғызар...
?------------------------- Төре мен баласы, түзу, қисық ағаштар, ғибрат.--------Ұяда не көрсең...
Асыл шөп ----------?-----------------------------------------------------------------------?

Рөлдегі оқушылар стратегиясы
Баяндаушы - әңгімеге мазмұндық жоспар құрады, мазмұнын қысқаша баяндайды.
Зерттеуші - кейіпкерлер әлемі және әңгіменің идеясына тоқталады.
Сөз тапқыш - көркемдік ерекшелігін талдайды.
Дәнекер - бүгінгі өмірмен байланыстырады.
І топ. Бай баласы мен жарлы баласы
ІІ топ. Қыпшақ Сейтқұл

- Сонымен, біз бүгінгі сабағымыздан не түйдік?
Ыбырай әңгімелерінің тақырыбы

Адамгершілік тақырыбы
Еңбек пен өнерге баулу

Әңгімелерінің ерекшеліктері:
- Оқып түсінуге жеңіл;
- Көлемі шағын;
- Сюжеті тартымды;
- Тәрбиелік мәні зор.
Бекіту. Топтастыру
Ыбырай кім?
Үйге тапсырма: Ыбырай әңгімелеріндегі адамгершілік мәселесі тақырыбында шығарма жазу
Бағалау.


Скачать


zharar.kz