Сутегін судан алу әдістерін және олардың реакция теңдеулерін жаз

Скачать

Химия 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, маңызы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды судың сапалық, сандық құрамын анықтау әдістерімен, судың химиялық қасиетін қарастыра отырып, бейорганикалық қосылыстардың жаңа класы – негіздермен таныстыру, табиғаттағы айналымын, судың тіршілік үшін маңызын түсіндіру, реакция теңдеулерін сауатты жазуға үйрету. Кластар арасындағы байланыстарды мысалдармен көрсету, негіздердің, қышқылдық және негіздік оксидтердің құрамын салыстыра отырып, негізге ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, іскерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Табиғат байлығын қорғауға, туған жерге деген сүйіспеншілікке баули отырып экологиялық тәрбие беру
Дамытушылық: сұрақ – жауап, есеп шығарту, Ойын элементтерін қолдану арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой – өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, тесттер, су, стакан, әк, сынауық.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен оқу құралдарының әзірлігі тексеріліп, назарын сабаққа аударамын.

ІІ. Үй тапсырмасы “Сен білесің бе?
1. Ерітінді дегеніміз не?
2. Сутегі жанғанда алынатын зат?
3. Заттар ерігіштігіне байланысты нешеге бөлінеді?
4. Еріткіш дегеніміз не?
5. Сұйықтықтардың және газдардың суда еруінің айырмашылығы қандай?
(Газдардың суда ерігіштігі температура төмендегенде және қысым жоғарылағанда артады)
Кедергілермен көтерілу
Химиялық сатымен көтеріле отырып, оксидтер формуласын құрып жаз. Оларды ата.
Тест
1). Суда жақсы еритін заттарды көрсет?
А) өсімдік майы, қант, тұз Б) спирт, глицерин, аммиак В) бензин, спирт, сутек
2) Оттегіні өнеркәсіпте қандай ыдыста сақтайды?
А) газометрде Б) болат баллонда В) дьюар ыдысында
3) Лабораторияда оттегіні қалай аламыз?
А) сұйық ауаны айдау арқылы Б) KMnO4 қыздыру арқылы В) екеуі де емес
4) Мөлшері 3 моль оттек газы қ. ж - да қанша көлем алады?
А) 22, 4 б) 44, 8 л в) 67, 2 л
5) Мына қосылыстағы KMnO4 марганецтің тотығу дәрежесі нешеге тең?
А) +5 б) +6 в)+7

ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушыларға судың сапалық құрамын білетінін ескере отырып, оны еске түсіру мақсатында төмендегі сұрақтар қойылады.
1. Сутегін судан алу әдістерін және олардың реакция теңдеулерін жаз.
Нәтижесінде су түзілетін реакция теңдеулерін жазып, қай типке жататынын ата.



Скачать


zharar.kz