Ертегіні сахналау

Скачать

Атырау облысы, Исатай ауданы,
Исатай ауылы Балбөбек балабақша тәрбиешісі
Доскалиева Айнагуль Мураткалиевна

Білім беру саласы: әлеуметтік орта
Бөлімдері: көркем әдебиет
Тақырыбы: Ақылды лақ ертегісі
Мақсаты: Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту, көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, теледидар, слаид, атрибуттар, жұмыс дәптері т. б.
Әдісі: түсіндіру, сурет бойынша әңгіме, сұрақ - жауап, сахналау, т. б.

Мотивациялық - қозғаушы:
Біз өнерге, ұлы өнерге
Гүл өмірге иеміз!
Елімізді, жерімізді,
Көгімізді сүйеміз!
Қонақтарға, апайларға
Басымызды иеміз!

Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Төлдер жыры
Шөре, шөре шөлдедің бе, лағым!
Сонша неге елеңдейді құлағың?
Қойшы, лағым, әлде қарның ашты ма,
Сен жыласаң, менің келер жылағым.

Іздестіру - ұйымдастырушы: Білім беру саласы - қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті - көркем әдебиет, тақырыбы - ақылды лақ ертегісі
Сұрақ - жауап.
- Балалар, айтыңдаршы, үй жануарларына нелер жатады?
- Мына жердегі жануарларға қарап, атап беріңіздер.
- Дұрыс айтасыңдар, олардың төлдерін білесіңдер ме?
- Дұрыс екен, олай болса мен сендерге өлең жолдарын оқимын, ал сендер қай төл туралы екенін табасыңдар.
Шөре, шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секеңдемей деміңді ал
Селтеңдемей құлағың,- деп неге айтамыз?
- ендеше сендерге үй жануарларының бірі - лақ туралы Ақылды лақ ертегісін тыңдатамын. Мұқият зер салып тыңдаймыз.
ақылды лақ ертегісі музыкалық орталықтан жүреді.

Сұрақ - жауап.
- ертегі қалай аталады?
- ертегі сендерге ұнады ма?
- ел көшкенде қандай төлдер қалып қойды?
- Олар үшеуі не істеді?
- оларға кім келеді?
- аю не үшін келді?
- аю не істеді?
- аю қасқырды ертіп келгенде үшеуін жей алды ма?
- қасқырға не болды?
- Оған кім кездесті?
- екі қасқыр қайда келді?
- олар келгенде үшеуі не істеді?
- Соңында жануарларды жеді ме?

Дәптермен жұмыс.
1 - тапсырма.
Шарты: сурет бойынша әңгімеле.
Тақтаға бір баланы шақырып, сурет бойынша өз сөзімен әңгіме құрауға тапсырамын.
Мен сендерге Қ. Мырза Әли атамыздың Ешкі өлеңін оқып берейін.
Ешкі деген жануар
Лақ кезден шынығар
Жапырағы жайқалған
Ағаш көрсе, жыны бар
- өлең не туралы?
- ешкі қай кезден бастап шынығады?
- нені жеп қояды?

2 - тапсырма.
Лақ пен ешкіні байланыстыратын көпірдің суретін сал.
Сергіту сәті:
Әйгерім Қалаубаеваның Ертегілер әніне балаларды билету.
Ертегіні сахналау.
Балалар ертегіні рөлге бөліп сахналап береді.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz