Семей қаласы, Қ. Рысқұлбеков
атындағы №33 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Байжуманова Калимаш Жагыпаровна
Тақырыбы: Сөйлем туралы түсінік. Қазақ тілі
Бiлiм берушiлiк мақсаты:
1) Сөйлем туралы мағлұмат беру.
2) Сөз тіркесін қолдана отырып сөйлем құрауға үйрету
3) Сөйлем және түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты:
1) Өз ойын ауызша, жазбаша баяндап бере білуге үйрету.
2) Оқушының ойлау қабілетін дамыту.
3) Дүние танымын кеңейту.
4) Сөздік қорын молайту.
Тәжірибелік мақсаты:
1) Оқушының мінез - қылық мәдениетін калыптастыру.
2) Өнер туындыларың тусiнiп сүйе білуге баулу.
Сабақ түрі: интеграциялық сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, тест, тiрек - сызбамен жұмыс, көрнектiлiк.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Тестпен жұмыс
Тапсырманы оқушылардың алдына жеке - жеке тарату.
1) Көп нүктенің орнына тиiстi әріпті жаз. С... рет, бар... к, ша... а, қ... с.
2) Сөздерді буынға бөл: Аққу, ата, ыдыс, қалам.
3) Буындардан сөз құpaстыр: ө(piк), е(геу), ба(қа).
4 Оқуға болмайтын әріпті тап. Астын сыз. А, ө, в, д, е, h, ь, ц, щ, э, ъ.
5) Сөздегі дауыстыны (-) бiр сызықпен, дауыссыздарды (=) екі сызықпеп сыз. Дәрігер, Бұзау
6) Бiр буынды тап. Белгi (х) қой. Орман, ара, ұя, құс, қой, хат, кiлт.
7) Жуан айтылатын сөздердi тап. Өркеш, қарағай, жиде, қайық, бәтеңке.
8) Әр жолдағы сөздерден сөйлем құрап жаз. Биiк, тоғайда, өседi, ағаштар, ұя, балалар, жасады, кұстарға, кілем, әдемі, еденге, төселген.
3. Балалар бүгiнгi сабақтың мақсаты сөйлем туралы мағлұмат аламыз, сөз тіркесін қолдана отырып сөйлем құруды үйренеміз. Сөйлем және оның түрлерiмен танысамыз.
Балаларға моншақ тастарын көрсете отырып сұрақтар қою.
Мұғалім: Балалар, дыбыстағы моншақ тастар әдемі, әшейкелі болу үшiн не iстеуiмiз керек? (Балалардың пiкiрiн бiлу, сөйлету)
Балалар: Ыдыстағы тастар әдемі болу үшiн тастарды жiпке тiзiп жинауымыз керек.
Мұғалім: Тастарды тiзбектеп жiпке тiздiк. Нені байқадыңдар?
Балалар: Әдемі моншақ шық
Мұғалім: Ендi бiрнеше сөз алайық, әрбiр сөздi моншақтың жеке тасы деп ойлайық
1) Сөздер алу. Демалды, жок, ауамен, адам, ауасыз, өмір, таза, ауа, керек, болу. Ендi сөздердi оқиык, Б ал ал ар, түсiндiңдер ме? Не туралы айтылған?
(Балалардың жауабы)
2) Ендi келесi сөз тiзбегiне келейік. Сөз тiзбегiн оқиық.
Адам ауамен демалады. Ауасыз өмір жоқ, Ауа таза болу керек.
Түсiндiңдер ме? Не туралы айтылған? Бiрнеше мысалды жекелеген сөздер тұтac ойды бiлдiре алмайды, олар моншақтың жеке тасы сияқты.
Екiншi мысалдағы сөздер бiр - бiрiмен тiркесiп байланысқан сөз тiзбегiн құрып бiр ойды бiлдiрiп тұр. Бұл тiзбектелген әшекейлі моншақ сияқты. Ендеше аяқталған ойды бiлдiретiн сөздi сөйлем дейміз.
Сөйлемнiң соңында аяқталған ойды бiлдiретiн белгi болуы керек. Ол қандай белгi деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы)
Нүкте. Нүктенiң белгісiн көрсету. Адам ауамен демалады. Ауасыз өмір жоқ, Ауа таза болу керек. Осы мысалда неше сөйлем бар? Әр сөйлем неше сөзден кұралған?
(Балаларды сөйлету)
Ендеше сөйлем бiр сөзден құралған сөйлем, екі сөзден құралған сөйлем, үш сөзден құралған сөйлем, бес сөзден құралған сөйлем болып келедi.
Балаларға суреттi көрсете отырып айту, Ә. Қастеевтiң Алтын астық суретін көрсету.
Балалар, мына сурет қандай әдемі салынған!
Адам ауамен демалады.
Балалар, осы екі сөйлемдi оқығанда менiң дауыс ырғағым бiрдей болды ма?
(Балалардың жауабы)
Осы таң қалған дауыс ырғағын кандай тыныс белгiсiмен белгiлеймiз? (Балалардың жауабы). Леп белгiсiмен.
4. Ендi суретке көңіл белейікші, Бұл суреттi қазақтың атақты суретшiсi ӘбiлханҚастеев салған. Ә. Қастеев 1904 жылы туып, 1973 жылы кайтыс болған. (Ә. Қастеевтiң фотосуретiн көрсету). Талдықорған облысы Панфилов ауданындағы Шежiн ауылында туған. Әкесі тым ерте қайтыс болған. Жас кезiнен өнерлi болып, елге танылған. Өнері тасыған, талабы тас жарған бала бiр куні: 13 жыл қой бақтым. Ендi оқимын, Таяқ куат болса да, мұрат емес деп аяқ таяқты лақтырып тастап, Жаркентке жаяу жол тартады.
Жаркенттегi бiр татар бойына жалшы болып, ауласын сыпырады. Осында журiп сурет өнеріне аңсары тiптi қатты ауады. Бірақ оған керек қағаз, бояу қайда? Каладан табылады, бірақ оны сатып алатын ақша кайда? Тапқаны тек тамағына жетедi. Талапты жас ештеңеден арланбады.
Татар бойының жалғыз атты арбасын жалдап бөшкелеп бұлақтан су тасыды. Кімге су керек? деп көшенi басына көтерiп айқайлап, шелегiн бiр тиыннан сататын едi. Өстiп тапқан ақшасына қағаз, бояу сатып алды. Өстiп еңбегi жанған жас суретшiнiң салған суреті ұнап, фотограф С. Саламатов оны Кызылордадағы оқу бөлiмiне жiберген. Онда екі жыл оқып бейнелеу өнерiнiң негiзiн үйренеді. Ә. Қастеев 180 - нен артық сурет салып, 200 - ден артық сурет көрмелерiне қатысқан.
Мұғалім: Ендi, балалар, Ә. Қастеев аталарың туралы не бiлдiңдер? (Менiң дауыс ырғағымды қандай тыныс белгiсiмен көрсетуге болады?)
(Балаларды сөйлету). Сұрақ белгiсi. Тыныс белгiсiнiң суретін көрсету.
Мұғалім: Балалар, тағы қандай суретшiлердi бiлесiңдер? (Балалардьң жауабы)
Адамдардың өзара пiкiр алысуы, сейлесуi, бiр - бiрiне ойын бiлдiруi сөйлем арқылы жүзеге асады. Жазғанда бiр сөйлем мен екiншi сөйлемнiң аралары.,?! сияқты тыныс белгiлерiмен ажыратылады.
5. Ендi, балалар, мынандай тапсырма
Плакатта жазылған сөйлемнің тыныс белгiлерiн қою және оны дәптерге жазу.
1) Жерде қар жатыр
2) Алақай, жерде қар жатыр
3) Қар қалың жауды ма,.?! (Балалардың жауаптарын таңдау)
Бiз бүгiнгi сабақта сөйлеммен таныстық. Ендi коңыржай аймаққа саяхатқа шығайық.
КАРТА БОЙЫНША ЖҰМЫС
Қоңыржай аймаққа бiздiң елiмiздiң оңтүстiк облыстары Шымкент, Жамбыл, Алматы, Қызылорда т. б.
Оқушыларға тапсырма
Қоңыржай аймақ сөз тіркесін пайдаланып сурет бойынша сұраулы, лептi сөйлемдерқұрыңдар.
1) Қоңыржай аймақта мақта өседi.
2) Maқтa - қандай аппак!
3) Мақтадан не істеуге болады?
Кәне, сұраққа жауап берейiк (Балаларды сөйлетемiн)
(жiп иiредi, кiлем тоқиды, киiм тоқиды),
Ендi өзiмiз тұраты аймаққа келейік. Балалар, дәнді дақылдардың көп түрі бiздiң аймақта өседi. Сонын бiрi - бидай. Бидайдың қара бидай деген де турі болады. Бiздiң аймақта осы қара бидай өсiрiледi. Кара бидайды күзде себедi, ол қыс бойы қар астында жатады. Ерте көктемде өседi. Қара бидай сөз тіркесін пайдаланып суретке қарап отырып сөйлем құрайық.
Тiрек - сызбаны пайдалану
Қара бидай себiлдi суарылды өсіп жиналды.
Дәптермен жұмыс.
Өзеннің суы сөз тіркесін пайдаланып тiрек - сызбаны қолдана отырып сөйлем құрау.
Өзеннiң суы - - молаяды. Өзеннің суы - Қap ерiгенде жаңбыр жауғанда егін суару тоқтағанда - молаяды.
Сөйлем неше сөзден құралған? Сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгiсiн қоямыз?
Оқулықпен жұмыс. Жұмбақты шешу. Дәптерге көшiрiп жазу.
Өзiм сөзден турамын,
Аяқталған ойды құрамын.
Жауабы: (Сөйлем)
Окушылардың еңбегін бағалау.
Үйге тапсырма.