Мұқағали МақатаевКүн бүгін тұрып алды күреңітіп, Шіркіннің ашылмайды реңі түк

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Күн бүгін тұрып алды күреңітіп,
Шіркіннің ашылмайды реңі түк.
... Күреңіткен ауылдың сырт жағында,
Мені де отыр ма екен біреу күтіп.
Күн сияқты ол - дағы күреңітіп.
Кім күтсін, кім жоқтасын онда мені,
Күтетін бір махаббат болған еді,
Күте - күте күдерін үзген шығар,
Күреңіткен мына күн сол ма тегі?!
Бұл күнде жоқ - әжелер, аталарым,
Кім күтсін, кімнен барып бата аламын.
Кім сейілтсін көңілді қападағы,
Кімге керек дәрежем , атақ - арым?!
Мансап, атақ, дәреже?!
Қайдан болсын.
Әлдеқашан жығылған сайран - қосым,
Арсалаңып алдымнан шығатұғын,
Қырда жатыр қимасым, қайран досым.
... Күн бүгін күреңітіп тұрып алды.
Көңілім күнге қарап құбылады.
Аямасаң аяма! Енді менде
Алынбаған не әкеңнің құны қалды!?

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz