Apple өнімдеріндегі і әрпі нені білдіреді

Скачать

Apple өнімдеріндегі і әрпі нені білдіреді?
1998 жылдан бері iMac әлемге ұсынылғалы бері кіші і әрпі Apple - дың құрам бөлігі болып табылады. Мүмкін, бұл – әлемдегі ең әйгілі әріптердің бірі, бірақ көбісі бұл әріптің не мағына беретінін біле бермейді. iPhone - дағы і әрпі телефонның ерекшелігі болып табылады. і әрпінің негізгі мағынасы – internet .
Стив Джобс алғашында компьютерді әлемге ұсынғанда: Біздің мақсатымыз әлемде нөмірі бірінші компьютер жасап шығару және і әрпі нөмірі бір деген мағынаны білдірсін дегіміз келді , – деген еді.
Стив Джобстың айтуынша, і әрпі тек интернет және нөмір бір деген мағынаны білдірмейді. Әлемге алғаш ұсынған сәтте і әрпіне бірнеше сөз қолданған (internet, individual, instruct, inform, inspire) ғаламтор, жеке, нұсқау беру, хабарлау және шабыттандыру.
і әрпі біз үшін басқа да мағына береді деген еді Стив Джобс. Біз – компьютер шығаратын компаниямыз, сондықтан біз үшін бұл білім деген мағына білдіреді. Себебі көптеген тұтынушылар дербес компьютерді ғаламторға қосылып білім, ақпарат алу ретінде қолданады , – деген. і әрпі қазіргі таңда ең танымал брендке айналған.


Скачать


zharar.kz