Кебенек киген арулар атты тарихи кештің сценарийі
Мақсаты: Қазақ халқының басына түскен зұлмат заманда әйел - аналардың көрген азабы туралы сыр шерту. Ананы құрметтеуге, адамгершілікке, батырлыққа тәрбиелеу.
1 Жүргізуші:
Қайсар қазақ қашанда төзер мұңға,
Көзін күннің екі есе сезер құмда.
Сөзі орнында қалғанның
Қай кезде де
Қалатыны белгілі өз орнында.
2 жүргізуші:
1930 жылдары Революция құрбандықсыз болмайды деген қағиданы бетке ұстаған саясаткерлер ісі қазақ даласын қайғы - мұңға бөктірді. Халық жауы дегенге лажсыз сенуге тура келетін дүрбелең кезең туды. Халық асылдарына қиянат басталды.
1 жүргізуші:
Ана - құдірет. Ана - махаббат. Дүниеге ұрпақ әкелетін, адамға жарық дүние сыйлайтын анадан асқан құдірет бар ма? Ғасырлар бедеріндегі замана көшінің ауыры мен жеңілі әрқашанда аналарға соқпай өтпеген. слайд
Оқушы: Қазақ зиялыларының сүйген жарларына, бала-шағасына, туыстарына зобалаң түсе бастады. Халық жауының отбасы, туыстары жаппай ұсталып, баспанадан айырылып, алапат дүние басталды. Жазықсыз сотталып бас бостандығынан айырылды. Олар АЛЖИР - ге тоғытылды. Яғни Отанына опасыздық жасағандардың әйелдерінің Ақмоладағы лагері . АЛЖИР - Қарағанды лагерінің (Карлаг) 26 бөлімшесі ретінде қазіргі Астана қаласының оңтүстік - батысында, Төңкеріс елді мекенінде КСРО Ішкі Істер Халық комиссариатының 1937 ж. 15 тамыздағы 00486 бұйрығы негізінде құрылған.
Оқушы: Ақмола лагері 3 мың гектар жерді алып жатты. Оның Қарағанды, Ақмола өңірінде бірнеше бөлімшелері болды. Қолдарына қарындаш пен қағаздан басқа нәрсе ұстамаған Ақмола тұтқындары жер қазып, егін екті, мал бақты, қамыс жинап, трактор жүргізді, құрылыс жұмыстарымен айналысты. Алғашқы жылы әлсіз әйелдер жан тапсырды. 1938 - 1939 жылдары әйелдер көбірек өлген.
Оқушы: Ақмола, Қарағанды арасында
Қой бағам Батық, Жарық арасында.
Сақтаймын оң көзімдей баққан қойды
Ешбір ой қойдан басқа болмай қойды.
Алыста жылай - жылай бала қалды,
Жүрген жер Ақмола мен Қарағанды.
Қайран ел сені көрер күн бар ма екен,
Мұңымды алыс - жақын тыңдар ма екен?!
Жүргізуші:
Ұлы Отан соғысы жылдарында АЛЖИР - де 8 мыңнан астам тұтқын әйел ұсталды. АЛЖИР жер бетіндегі тозақ еді. АЛЖИР тұтқындарының бар айыптары - Халық жауы атанған күйеулері мен туыстарынан бас тартпағандығы еді.
Оқушы: С. Сейфуллиннің әйелі Гүлбахрам
Мені іздеп келген екі милиционер Бес күн ішінде кетесің. Ақмола қаласының жанында колония бар, соған барасың. Міне жол қағазың. Қашып кетсең сотталасың деген соң амалсыз жолға жиналдым. Бір қолымда чемодан, бір қолымда томпаңдап жүрген Аяным, арқамда буыншақ - түйіншектерім. Барып тоқтайтын жерім - АЛЖИР. Көп қиыншылықпен келе жатқан азап өз алдына, жол азабын көтере алмай Сәкеннің артында қалған жалғыз тұяғы, көзімнің қарашығы Аяным ішінен қан өтіп, құшағымда отырып көз жұмды. Көкшетауда пойыздан түсіп, татар кемпірдің үйіне барып, оны көрші әйел үшеуміз қала шетіндегі зиратқа арулап қойдық. Әйелдер колониясында ішетін асымыз капуста, шірік картоп, шикі қара нан. Әсіресе соғыс басталғаннан кейін жағдайымыз нашарлады. Маған ауыр тигені Сәкеннен бас тарту еді.
Жүргізуші:
Бір - ақ сөзден қабырғам сылынады,
Бір - ақ сөзден жүрегім жылынады.
Бірақ менің мұнымды кім түсініп,
Бірақ менің мұңымды кім ұғады.?!
Оқушы: Ақмола, Ақмола - ақ дала,
Айтайын сырымды ақтара.
Темір тор, ызғырық суық жел -
Налыған көңілім қап - қара.
Әлдиін естіші ананың
Күлкісін тыңдашы баланың.
Ақмола, Ақмола, Ақмола -
Мазары, назары даланың.
Қараймын түнекке сақтана,
Бір үміт көрінер сәт қана.
Жіберші еліме, жеріме,
Ақмола, Ақмола, Ақмола.
Жүргізуші:
Лагерьдің жақсысы жоқ, бірақ қазақстандық лагерьлерден тірі қалғандар көп болды. Себебі 1930 жылғы ашаршылық көрген жергілікті тұрғындар тұтқын әйелдерге көп қарайласты. Қойшылар бұта - бұтаның түбіне кейде нан, кейде ет тастап кетіп әйелдерге белгі беретін. АЛЖИР тұтқындары жергілікті қазақтарға разы болды.
Оқушы: Е. Тухачевская
АЛЖИРдің темір қақпасынан шығып жұмыс істеу бақытына ие болғанымызда маған ең алғаш қол ұшын берген ақ жаулықты аналар - қазақ бауырларым. Үйдің дәмін сағынып, аңсап, арып - ашып жүрген кезімде бір қазақ әжей мені шақырып алып, орамалға орап жаңа пісірілген бауырсақ бергенін қалай ұмытайын, көптен бері адам баласының жылы сөзін естімеген сорлы басым мына жақсылықты көріп көз жасымды тыя алсамшы. Орысша білмесе де қазақша айтқан сол бір жүрегіме жылы тиген беймәлім сөздер мені қандай тебірентті десеңші. Ол байғұс та маған қосылып алып, жыласын келіп. Көз алдымда бауырларымнан, күйеуімнен, анамнан, сіңлілерімнен айырылып сорлы болып қалған басым қазақ ананың пейіл - ықыласын көрген соң... талып жығылдым.
Сол бауырсақтың дәмі 50 жыл өтіп кетсе де ауыздан кетпейді.