Тақырыбы: Тянь-Шань
Сабақтың мақсаты: білімділік: Тянь-Шань тауының географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары туралы түсінік беру.
дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз елін жете тани білуге
қызығушылығын ояту, картамен жұмыс жасау белсенділігін арттыру, оқушыларды өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру.
тәрбиелік: туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру; экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: өз бетімен меңгеру, ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, СТО әдістері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 – тапсырма. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1. Сауыр – Тарбағатай тауының географиялық орыны қандай?
2. Сауыр мен Тарбағатай тауларының жер бедері қандай?
3. Бұл тау жоталарының ерекшеліктері неде?
4. Сауыр - Тарбатай тау жасалу қатпарлануының қандай кезеңде пайда болған?
5. Сауыр – Тарбағай тауының климат ерекшеліктері қандай?
6. Таудан басталатын өзендердің ерекшеліктерін ата.
7. Сауыр - Тарбағатай тауларына қандай табиғат зоналары тән?
2 - тапсырма
Адасқан нысанды тап
Сары арқа Мұзтау
Алтай Тастау
Сауыр Ақсораң
Тарбағатай Сары шоқы
3 - тапсырма
Сандар сөйлейді
2739 м...
2992 м...
3816м...
6995м...
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Оқушыларға сұрақ: Азиядағы биік таулардың бірі, оның кейбір бөліктері Қазақстанға енеді? Ол қандай тау? ( Тянь-Шань тауы) Тянь-Шань тауының ең нүктесі Хан Тәңірі шыңы ( 6995м)
Мағынаны тану кезеңі
Мұғалім: Бүгін біздер Қазақстанның биік тауларының бірі – Тянь-Шань тауымен танысамыз. Тянь-Шань таулы өлкесінің Қазақстандағы тау жоталарына:
1. Орталық Тянь-Шань
2. Солтүстік Тянь-Шань
3. Батыс Тянь–Шань жатады.
Тянь-Шань Азиядағы ең і рі тау жүйесінің бірі. Таудың шығыс бөлігі Қытай жерінде. Тянь-Шань сөзі қытай тілінде Тәңір шыңы, Аспан тау деген мағынаны білдіреді. Қазақстанға Тянь-Шаньнің солтүстік батыс бөлігі, Орталық Тянь-Шаньның кейбір жоталары кіреді.
Сынып оқушылары, 1 - топ: Солтүстік Тянь-Шань, 2 - топ Батыс Тянь-Шань, 3 - топ: Орталық Тянь–Шань тау жоталарына бөлініп топта талдап оқып болғаннан кейін қорғайды.
1 - топ: Солтүстік Тянь-Шань
Іле Алатауының негізгі жотасы ендік бойымен созылған, Ұзындығы - 350 км, ені - 30 - 40 км. Орташа биіктігі 4000мТалғар, Кебін жоталарына қарай биіктейді, шығысқа қарай аласарады(3300 - 3400м). Негізгі жотаның кей жерлерінде ежелгі гранит пен гипс кездеседі. Палезойда каледон мен герцин қатпарлығына ұшырап, кейін Альпі тау түзілу кезінде көтерілгендіктен қатпарлы - жақпарлы тауларға жатады. Таудың биік белдеуінде нағыз альпілік жер бедері қалыптасқан. Таудың жеке бөліктері біртіндеп аласарып, биік жотаның альпілік жер бедері тау қыраттарына, одан орманды – шалғынды тауларға, одан аласа қыраттарға ауысады.
Ұзынқара (Кетпен) биіктігі орташа тау Солтүстік Тянь-Шаньның шығыс бөлігінде орналасқан. Кетпен Құлақтау арқылы Күнгей Алатауымен жалғасады.
Күнгей Алатаудың солтүстік - шығыс бөлігінің солтүстік беткейі ғана Қазақстанға кіреді. Бұл жотаның орташа биіктігі 3800 - 4213м. Ол төменгі палезойдың эффузивті шөгінді жыныстарынан құралған.
Шу - Іле таулары Іле Алатауының солтүстік батысында жатыр. Ол қатты мүжіліп, үгіліске ұшыраған. Солтүстігі Бетпақдаламен шектеседі. Ол кембрийге дейінгі жыныстар мен гнейстердің қалың қабаттарынан құралған.
2 - топ Батыс Тянь-Шань
Батыс Тянь-Шаньның Қазақстандық бөлігі Қырғыз жотасынан басталады. Қырғыз жотасы көлемі мен биіктігі жағынан үлкен тау жүйесі. Батыс Тянь-Шаньныі батыстағы жалғасыҚаратау жотасы. Ол Талас Алатауының батыс жағынан басталып, Боралдай, Сайрам жоталары арқылы Ташкент маңымен Алатаумен шектеседі. Қырғыз жотасының ең биік нүктесі - П. П. Семенов шыңы. биіктігі 4566 м. Таудың қазақстандық бөлігі 4500 м шамасында. Батыс Тянь-Шаньның батыстағы жалғасы Қаратау жотасы ұзындығы 400м орташа биіктігі 1800м.