Сабақтың тақырыбы: Модельдер түрлері
Информатика 7сынып
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: оқушыларды модельдер түрлерімен таныстыру
Дамытушылық: объектінің ақпараттық және графикалық модельдерін құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету
Тәрбиелік: топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты ұсыну
Құралдар: интербелсенді тақта, оқулық, карточкалар, слайд
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап , Мозайка , Ақпараттық диктант , Синквейн , Телеграмма , жұптық, топтық жұмыс әдістері.
Оқыту нәтижесі: оқушылар ақпараттық, графикалық, материалдық модельдер ұғымдарын меңгереді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін толықтырады.
САБАҚ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, бір - бірімізге шаттық шеңберін құру арқылы тілек тілеп өрмекшінің торын құру.
Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу;
Оқушыларды 4 түрлі гүлдің суретімен топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасы
Өз қалауынша қандай да бір объектінің моделін құрастыру
ІІІ. Оқу - танымдық әрекетіне дайындық
Жаңа сабақтың тақырыбы қандай?
1 - топ
1. Мысықтың баласы
2. Біздің мектептің бақшасында өсетін көкеніс түрі
3. Баскетбол, волейбол ойнауға арналған құрал
2 - топ
1. Ең төзімді үй жануары
2. "Арыстан" сөзінің орысша аудармасы
3. Жіңішкелік белгісі
3 - топ
1. Қу жануар
2. Кішкентай сөзіне антоним сөз
3. Теннис ойнауға арналған
Құрал
4 - топ
1. Ешкінің төлі
2. Ең берік ағаш
3. "Кемпірқосақ" сөзінің орысша аудармасы
Бүгінгі сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар?
Сабақтың мақсаты қандай?
IV. Жаңа оқу материалын таныту
Жаңа ақпаратпен жұмыс жасау үшін 4 топтағы оқушыларды 1 - 2 - 3 - ке санап үш жұпқа бөлу
1 - жұп: материалдық және ақпараттық модель
2 - жұп: Көрсету түріне қарай ақпараттық модель түрлері
3 - жұп: Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер
Берілгендерді жеке - дара оқып, жұпта талқылайды.(3 мин)
Тақырыпты оқу барысында түсінбеген сұрақтары болса қызыл түсті жалаушаны көтереді (мұғалім көмегін көрсетеді)
Жұптарда талқылап болған соң, үй топтарына оралады да, әрбір оқушының өзінің оқығанын және жұпта талқылағанын топ мүшелеріне түсіндіреді (2 мин), постер бетіне түсіреді (3 мин), постерлерін қорғайды (2 мин)
V. Бiлiмдерін бекiту.
Деңгейлік тапсырмалар
І - деңгей жұптық жұмыс (4 мин)
ІІ - деңгей топтық жұмыс (интербелсенді тақтамен жұмыс)
(6 мин)
Сергіту сәті "Қызыл өрік" әніне жаттығу орындау
V. Бiлiмдерін бекiту.
ІІІ - деңгей жеке - дара жұмыс (5 мин)
Қосымша тапсырма
Әрбір оқушы информатика пәнні тақырыбы төңірегінде қандай да бір объектіге ребус құрастырып, оны жұбына жасырады, бір - бірінің ребустарының жауабын тауып, осы сөзге "5 жолды өлең" құрастыру және Paint графикалық редакторында осы объектінің графикалық моделін құрастырады
"5 жолды өлең" құрастыру талаптары:
1. зат есім
2. екі сын есім
3. үш етістік
4. төрт сөзден тұратын сөйлем
5. синоним сөз
Мысалы:
1. қуыршақ
2. әдемі, үлкен
3. сөйлейді, ойнайды, көзін жұмады
4. Маған анам қуыршақ сыйлады.
5. Ойыншық
VI. Бағалау. Ақпараттық диктант
Түсіп қалған сөздерді толықтырып жазу
1.......... – нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
2. Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың........... (макетін) құру.
3. Вербальдық модельдегеніміз –....... немесе....... түрінде жасалған ақпараттық модель.
4............ – деп компьютердің көмегімен арнайы программалық орталар іске асыратын модельдерді айтады.
5. Геометриялық модель –........... пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Бағалау парақтарына жалпы ұпайын есептеп, шықан бағаларын дәлелдейді
VII. Үй тапсырмасы туралы мәлімет. Үйге: үш объектінің вербальдық, яғни, әңгіме түрінде және графикалық моделін құрастыру
Берілген тапсырманы хабарлау, оның орындау әдiстемесiн түсiндiру.
VIII. Қорытынды
Мұғалімге сабақтың қаншалықты ұнағаны немесе ұнамағаны туралы телеграмма жазу
Кері байланыс