Топқа бөлінген оқушылардың тобымен танысу

Скачать

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы берілген білімді қайталау, оқушылардың байланыстыра сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
2. Оқушылардың өзіндік іс - әрекет дербестігін арттыру.
3. Бірлікке, татулыққа, білімпаз болуға баулу
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Күн жылуын алақанға салып, сәттілік тілеу. Топқа бөлінген оқушылардың тобымен танысу.
Үй жұмысын тексеру. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Әр топтан бір оқушы мәтін ішінен сан есімді табу.
Лездеме: Кім жылдам жалғастыра алады?
Мұғалім Сан және Есім атты ертегіні айтып беру. Осы ертегі арқылы сабақтың тақырыбын шығару және мақсатын хабарлау.
Ай - күн және көркем жазу минуты сСс
Кітаппен жұмыс
1 - топ ---------2 - топ -------------- 3 - топ
35 - ж - у -----36 - жа - у ----------37 - ж - у
Тапсырмаларды орындау, тексеру
Сергіту сәті
Барлық топтарға шашылып жатқан сөздерді сәйкестендіріп қою.
1 - күн ----- дүйсенбі --- бүгін
2 - күн ----- сейсенбі --- ертең
3 - күн ----- сәрсенбі --- бүрсігүні
4 - күн ----- бейсенбі --- арғы күні
5 - күн ----- жұма -------- қасиетті күн
6 - күн ----- сенбі -------- соңғы күн
7 - күн ----- жексенбі --- азына
Топтарға тапсырма үлестіру
1 - топ. Сөздерді дұрыс орнына қой, сан есімді тап, қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Сондай Айнұр, көрікті өріпті, бұрым, екі жастамын, тоғыз, мен сыныпқа, бастармын, жылы, қадам, келесі, төртінші

2 - топ Қай сан есіммен синонимдес?
Қос, егіз -...
Екі апта -...
Ширек ғасыр -...
Жарты жыл -...

60 минуттың екіден бірі -...
Жарты жыл -...

3 - топ Адам аттарында, қала, жануарлар аттарында қолданылатын сан есімдерді жаз.
Біржан, Екібастұз, Үшкемпіров, Төртуыл, бесті, Алпысбай, Жетпісбай...
Бекіту.
Қазақ халқының ұлттық ойыны Орамал тастамақ негізінде жүргізіледі. Ойынның мақсаты: неше? нешінші? қанша? сұрақтарының қойылуын, оның қолданылатын орнын, ажырата білу, сөйлем құрау дағдыларын қалыптастыру.
Кез келген оқушының алдына орамал тастап неше? Қанша? нешінші? сұрақтарының бірін айтып, ал оқушы тез ойланып, сол сұраққа жауап беретін сөзді айтуы тиіс. Келесі оқушы сол сөзді қатыстыра отырып сөйлем құрайды т. т.
Қорыту
Үйге: Әдеби кітаптардың ішінен 5сан есім сөзі бар сөйлем жазып келу.
Әр топ басшыларына бағалау үшін сөз беру.
М: Бүгінгі сабағымызды білімді мыңды жығады деген мақалмен аяқтағым келеді. Рахмет!


Скачать


zharar.kz