Әдебиеттік оқу
Сабақтың атауы: Ақ боран. Ж. Жұмаханов.
Сілтеме: Әдебиет оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта.
Жалпы мақсаттар: Оқушыларға Жекен Жұмаханов туралы шағын түсінік беру. Жазушының шығармаларымен таныстыру. Әңгіме мазмұнын ашу, негізгі кейіпкерді айқындата отырып, идеялық мазмұнын түсіндіру.
2. Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерімен жұмыс істеу, ой - өрісін дамыту, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Өзіндік талдау, жинақтау жасау, жеке топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
3. Туған жерін, табиғатын сүйе білуге, табиғат құбылыстарын бақылай білуге тәрбиелеу.
Ой қозғау, топпен жұмыс, тіл дамыту, сұрақ - жауап әдісі.
Оқулық, маркер, А - 4 қағаз, кесте. т. б
Ынтымақтастық атмосферасы
Топқа бөлу
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз
Үй тапсырмасын сұрау
1. Рөлге бөліп оқу..
2. Өлеңнің авторы кім? Туған жылы.
Оспанхан Әубәкіров(4 мамыр 1934, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылы - 1986, Алматы) - сықақшы.
Боранның ысқырып соққан үнін интер. тақта арқылы оқушыларға тыңдату.
Ой қозғау.
Ауызша сұрақтар:
1. Қандай дыбыс естідіңдер?
2. Ненің дыбысы деп ойлайсың?
3. Қай мезгіл елестеді?
Бұл үскірік соққан боранның дыбысы. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ақ боран .
Мағынаны тану
1. Жазушы Жекен Жұмаханов туралы түсінік беру.
(1913 жылы 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауылтөбе ауылы) – жазушы.
Мәтінді оқымас бұрын оқушылардың жалпы боран, қыс, туралы ойларын білу.
2. Мәтінмен жұмыс. ( 3 - топтың оқушыларына оқыту)
Мәтінді мәнерлеп оқу.
Әңгіме арасында әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?- деп сұрақ қойылады. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
- Іштей оқу.
3. Сұрақ - жауап әдісі.
- Әңгімеде жылдың қай мезгілінде болған оқиға айтылады?
- Қасым қайда оқиды?
- Ол нені есіне алады?
- Жерге құлағын тосқан кезде Қасым не естіді? (дыбыстар)
- Автор боранды қандай боран деді? (ат құлағы көрінбейтін ақ боран)
- Қасымның аты қандай белгі берді? (басын көтеріп, құлағын қайшылады)
4. Сөздік жұмыс. Түртіп алу жүйесі.
Боран – қатты желдеп соққан қардың борауы.
5. Топпен жұмыс. Әр топқа жеке - жеке сұрақтар беріледі.
І топ. 1. Қасымға мінездеме бер.
2. Қасымның орнында болсаң не істер едің?
Табанды, қайсар, ақылды, байқағыш, батыл, шыдамды.
ІІ топ. 1. Қыс туралы сурет салу. 2. Мәтінді қысқаша әңгімеле.
ІІІ топ. Боранға адамның қимылын бере суреттейтін жолдарды
тауып оқы. (Қылжақтайды, еліреді, үйіріліп билейді)
Қыс белгілерін атайық. Мәтіннен қыс белгілерінің түрлерін іздеп табу, толтыру
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы,
Опорный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Танирбергенова Алия Мендибаевна
Ақ боран. Ж. Жұмаханов жүктеу