Мақта қыз бен мысық Білім беру саласы

Скачать

Мақта қыз бен мысық ертегісі
Қазақ ертегісін сахналау
Мақта қыз бен мысық ертегісі
(6 Б және 5 Б сынып оқушылары өзге ұлт өкілдері)

Тақырыбы: Мақта қыз бен мысық
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Көркем әдебиет.
Сабақтың мақсаты:
Ертегілер туралы білімдерін күшейту.
Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.
Балаларды еңбекке, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: сұраққа жауап беру, Мақта қыз бен мысық ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.
Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары, қайшы, ұлттық киімдер, ұлттық әшекейлер, ұлттық кебістер, тостақан, айран.

Ұйымдастыру кезеңі:
Залда Ерте, ерте, ертеде өлеңі орындалады.
Сахна сыртында жүргізуші сөйлейді:
Ким Анита:
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті...
Залда Қамажай өлеңі орындалады.

Мақта қыз заходит в зал, пританцовывая и начинает веником подметать, убирает со стола, губкой моет посуду. Во время мытья посуды находит изюм. (Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады).

Мақта қыз - Айтансыкова Дияна: (Зовет кошку. Мысығын шақырады)
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, жаным, мен саған мейіз беремін!!! (кошка не подходит. мысық келмейді)
- Келмесең, келмей – ақ қой, өз обалың өзіңе!!!- (девочка съедает изюм. мейізді қыз жеп қояды)

И тут мяукая подходит кошка со двора. Осы кезде үй артынан мяу деген дыбыс шығады.

Мақта қыз тихонька поет колыбель кукле. Ыңылдап ән салады. Подходит кошка. мысық шығады.

Мақта қыз – Айтансыкова Дияна:
Мысығым - ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш - піш деп,
Мяу! - деп дыбыс бере ғой.

Анита Ким: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.

Мысық - Кинзерская Виктория:
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт - көжемді ішіп...

Мысық - Кинзерская Виктория:
- Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз Айтансыкова Дияна: Айтпаймын!
Мысық - Кинзерская Виктория: Ендеше, мен сенің айраныңды төгемін.
Мақта қыз Айтансыкова Дияна Ой, ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (вырезает ножницами хвост. құйрығын кесіп алады)
Мақта қыз Айтансыкова Дияна: Мақта қыз, өтінемін, құйрығымды берші!
Мысық - Кинзерская Виктория: Бермеймін! Айранымды қайтарып бер!

Анита Ким: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Музыкальная отбивка стада коров

Сиыр – Трофимова Ирина:
МУУУ, Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.

Мысық - Кинзерская Виктория: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр – Трофимова Ирина:: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.

Анита Ким: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Музыкальная отбивка Ветер

Ағаш – Мерклингер София:
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық - Кинзерская Виктория: Мяу, Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдеп тұрмын, ал мен саған жапырақ беремін.

Анита Ким: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Музыкальная отбивка Ручья
Қыздар Русана мен Дияна (хором): под песню Еркемай
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің – деп әндетіп жүреді.

Мысық - Кинзерская Виктория: Мяу, қыздар, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар Русана мен Дияна (хором): Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су әкеліп береміз!!!.

Анита Ким: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Музыкальная отбивка Очередь в магазине

Мысық - Кинзерская Виктория: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші – Шишковская Мария: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз беремін.

Анита Ким: Мысық әбден шаршады (кошка устала) жұмыртқа іздеп тауыққа барады.

Музыкальная отбивка Курочкина песня курочка танцуя заходит в зал

Тауық – Дияна Каландарова:
Мен ақ сары тауықпын,
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам - деп әндетеді.

Мысық - Кинзерская Виктория: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық – Дияна Каландарова: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз. (поглажевает живот)

Анита Ким: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады (кот расстроится, держит голову, задумается....)

(И тут с норы выбегает мышка и начинает копать нору)
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан –_________________
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады. Кошка ловит мышку.
Мысық - Кинзерская Виктория - Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.
Мысық - Кинзерская Виктория: Мақта қызбен қосылып Қамажай биін билеп береді.

Ким Анита: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды
мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,
сиыр оған айран береді, айранды мысық Мақта қызға берді.
Мысық - Кинзерская Виктория: Мақта қыз, айраның міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп айранды қызға берді.

Ким Анита: Сөйтіп Мақта қыз айранын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату - тәтті өмір сүрген екен.


Скачать


zharar.kz