Арифметикалық прогрессияның өзіне тән қасиеті

Скачать

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,
Есілбай жалпы орта білім беретін мектебінің
математика пәні мұғалімі
Қызылбаева Құралай Каримоллақызы

АРИФМЕТИКАЛЫҚ ПРОГРЕССЯ ТАҚЫРЫБЫНА ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы Арифметикалық прогрессия - тарауына есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Тақырып бойынша теориялық білімдерін қорытындылау, формулаларды пайдаланып арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесін және алғашқы n мүшелерінің қосындысын табу дағдыларын дамыту, есеп шығару бейімділіктерін қалыптастыру;
Пәнге қызығушылықтарын арттыру, математика мен айналадағы өмірмен байланыстыра білуге, математика тілінде сауатты сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға үйрету;
Оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жауапкершілігін арттыру, сыныптастарын сыйлауға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері Қиындығы жоғары есептерді шығара білуі
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер Сын тұрғысынан ойлау, топтық
Түйінді идеялар. Теория мен практиканы ұштастыра отырып, алған білімнің болашақта пайдалы болған жағдайда ғана, яғни практиканы өмірде қолданған жағдайда тиімділігіне көз жеткізу.
Жаттығулар Дидактикалық материалдар, карточкалар, деңгейлік тапсырмалар
Ресурстар Оқулық, есептер жинағы, постер
Ой қозғау сұрақтары жазылған үлестірме қағаздары
Флипчарттар
Қамтылған модульдер СТО, Топтық, АКТ, Сыни тұрғыда бағалау

Мұғалімнің іс - әрекеті
Сәлемдесу
Сыныпты топқа бөлу: І топ: Алғырлар, ІІ топ: Дарындылар

1. Кубизм стратегиясы арқылы:
1. Тізбек және оның берілу тәсілдері
2. Арифметикалық прогрессия анықтамасын айтып, мысал келтір
3. Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырымы деп атайтынымызды түсіндір
4. Арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласын тұжырымда
5. Арифметикалық прогрессияның өзіне тән қасиеті
6. Арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің қосындысының формуласын тұжырымда
2. Теориялық білімдерін постер арқылы қорғау

І топқа берілетін тапсырма
1) Арифметикалық прогрессияның а8 мүшесін табыңдар: 0,- 2; - 1;
2) Арифметикалық прогрессияның алғашқы 10 мүшесінің қосындысын есептеңдер 11; 8;
ІІ топқа берілетін тапсырма
1) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар: 1; - 1;...
2) Арифметикалық прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңдар а1= - 10; d= 2;


Скачать


zharar.kz