Сыныбы: 8 - сынып
Тақырыбы: Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары
Мақсаты: 1. Білімділік: Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары. Жай және күрделі заттармен әрекеттесуі жайында түсінік беру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларға Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары тақырыбын түсіндіре отырып, тазалыққа, ізеттілікке, сабырлылыққа, адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдарын негіздерді, тұздарды қыздыру арқылы білімдерін тереңдету, өз бетінше ізденуге бағыт беру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (тірек сызба, ойын)
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, есеп шығару
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Д. И. Менделеев кестесі
Пән аралық байланыс: физика, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, түгелдеу
2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Оқушы білімін жан - жақты тексеру:
Тауып көр ойыны
1. Fe(OH) 3 =FeCL2 + H2O
2. Ca(OH) 2 + CL2 = CaCL2 + H2O
3. Fe(OH) 3 + HCL = HCL + O2
4. HCLO2 = CaCO3 + HCLO
5. NaOH + CuSO4 = CuO + H2O
6. Cu(OH) 2 + HCL = Fe2O3 + H2O
ІІІ. Жаңа түсінік беру.
Oксидтер
Қышқылдық
CO2
P2O5
SO3
Екідайлы
AL2O3
ZnO
Cr2O3
Негіздік
Na2O
MgO
CaO
Оксидтердің жіктелуі:
↓-----------------------------------------------↓
тұз түзбейтіндер: NO, CO --------- тұз түзетіндер: CaO, СuO
Оксидтердің құрылымына қарай
↓-----------------------------------------↓
беймолекулалық ------------ молекулалық
Оксидтердің алынуы.
Жай заттардың оттекпен тікелей әрекеттесуінен:
С + O2 = CO2
2Cu + O2 = 2CuO
Күрделі заттар жанғанда оксидтер түзіледі:
СН4 + 2О2 = СО2 + 2Н2О
Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру.
Жаңа ұғымдар: Екідайлы (амфотерлік) – қышқылмен де, сілтімен де әрекеттесетін заттар.
V. Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтар
1. Оксидтердің бөлінуі?
2. Оксидтердің жіктелуі?
Жаңа түсінікті тексеру:
1. Оксидтердің алынуына мысал келтіріңдер?
2. Оксидтердің құрылымдық формуласы?
Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар.
Пирамида ойыны: Оксидтердің формуласын құрастырыңдар.
VIII. Жаңа сабақты қорытындылау
Оксидтер бинарлы қосылыстар. Олар негіздік, екідайлы, қышқылдық болып жіктеледі. Оксидтерді алудың бірнеше жолдары бар.
Оқушылар еңбегін бағалау.
Үй тапсырмасы: Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары
1. Жай заттармен оксидтердің алынуына 3 мысал келтіріңдер
2. Күрделі заттар мен оксидтердің алынуына 3 мысал келтіріңдер