Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы
Ы. Алтынсарин атындағы
дарынды балаларға арналған гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Коныршина Ерсін Серікқызы
Тақырыбы: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау.
Міндеті: 1. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.
2. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеуді ұрпақ бойынан көру.
3. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
4. Өзге ұлт өкілдерінің балаларының бойына Абайдың өлеңдерін, әсем әндерін сіңіру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация слайдтары
Аружан:
Дана Абайды
Қазақтың ақылына балаймын.
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,
Жан алаңы, мұңы бар - қазағы бар Абайдың.
Камила:
Арлы Абайды
Қазақтың қайраты деп ұғамын,
Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын!
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын,
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!
Аружан:
Сара Абайды
Қазақтың жүрегі деп білемін,
Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін?
Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,
Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім!
Камила:
Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.
Құрметті ұстаздар және оқушылар, сыныбымыздағы Абай оқуларына хош келдіңіздер! Бұл сайыстың бұрынғы сайыстардан ерекшелігі сынға түсетіндер өзге ұлт өкілдерінің балалары. Олай болса сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар:
Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырайық:
1. 8 Б сынып оқушысы
2. 8 Б сынып оқушысы
3. 8Б сынып оқушысы
4. 9Б сынып оқушысы
5. 10 Б сынып окушысы
6. 8 Б сынып оқушысы
Аружан:
Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 3 бөлімнен тұрады.
1 - бөлім: Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы (Абайдың өлеңін жатқа мәнерлеп оқу)
2 - бөлім: Көңілім әнді ұғады (Абай әндерін орындау )
3 - бөлім: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе (Абайдың қара сөздерін жатқа оқу сайысы)
Камила:
Сайысқа төрелік ететін әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасы:
1.
2.
Аружан:
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,- дей отырып, сайыстың Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз. Кезекпен кезек шақыру
Аружан:
1. Қыс өлеңімен
2. Ғылым таппай мақтанба өлеңімен
3. Жаз өлеңімен
4. Ғылым таппай мақтанба өлеңімен
5.
Видео көрсетіледі.
Камила: Әсем әннен ғажап ләззатты үн шығар,
Ойы сергек жан оны ұғар,
Бар сезіміңді қозғар ән - күйге
Жастар, тілімді ал, бол құмар,- деп Абай атамыз да ән өнерін аса жоғары бағалағаны белгілі.
Аружан: Олай болса, сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға Абай әндерін орындауға сайыскерлерімізді шақырамыз.
1. Михайлова Анастасия Көзімнің қарасы әнімен
2. ---------------------------- Көзімнің қарасы әнімен
3. --------------------------- Көзімнің қарасы әнімен
4. ---------------------------- Көзімнің қарасы әнімен
5. --------------------------- Көзімнің қарасы әнімен
6. ---------------------- Көзімнің қарасы әнімен