Құрметті ата - аналар, балалар күз мерекесіне арналған Алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер

Скачать

Жүргізуші:
Тырна көкте тыраулап,
Қош, қош айтты,
Кеттім - деп
Шөптің басына қыраулап,
Күзде келді жеттім деп.

Құрметті ата – аналар, балалар күз мерекесіне арналған Алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Балалар хормен айтады

Жүргізуші:
Көбейді құт - береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Күз мерекесін тойлаймыз - демекші біздің бүлдіршіндеріміздің күз мезгіліне арналған тақпақтарын тыңдайық!
Қабыл алыңыздар!

Тақпақтар:
Алақай күз келді,
Қарық қып жеміске
Сарғайды түз белде
Толқысын егісте

Соғады кейде дауылы
Береке күздің жауыны
Сол жауынмен өседі
Бақшаның қарбыз. қауыны

Қарлығаштар қораға
Ұя салмас ал енді
Күн суытып далада
Жел айтады өлеңді
Сапар шегіп құс легі
Жабырқайды атырап
Жерге үзіліп түседі
Сары алтындай
Жапырақ

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Орындарыңа отыра қойындар!

Осы кезде музыка ырғағымен Күз ханшайымы кіріп, балалармен амандасады.
Саламатсыңдар ма балалар!

Жүргізуші:
Саламатсыз ба Күз ханшайымы!
Мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіз!

Күз Ханшайымы:
Әрине, мен мұнда өте өнерлі балалар бар деп естідім.
Қанекей сендердің тапқырлықтарыңды байқайын!
Қазір мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін, сендер шешуін табады ма екенсіңдер? Ал мені мұқият тыңдаңдар!

Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың (жаңбыр)

Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе сары (жапырақ )
Күз Ханшайымы:. Ой жарайсыңдар балалар! Сендер өте тапқыр балалар екенсіңдер!
Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің балалар өте өнерлі, енді сізге арналған
Күз жомарт әнін ұсынамыз!
Күз ханшайымы: Өте жақсы балалар! Ад сендер менімен ойын ойнағыларың келе ме?
Олай болса менімен бірге ойын ойнайық.

Жаңбыр ойыны
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүлдіршіндеріміздің күз мезгіліне арналған тақпақтарын тамашалайық!

Тақпақтар:
Күзде бала жаурайды
Көктемде бұлттар
Бұтағынан үзіліп
Жапырақтар саулайды


Скачать


zharar.kz