Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Театр əлемінде
Мақсаты: Балаларға театр туралы түсінік беру, қуыршақ театрының түрлерімен таныстыру; балалардың өз ойын айта білуге үйрету, театрландырылған ойындарға оң көзқарастарын, басқалардың пікірін тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру; - театр өнеріне құрметпен қарауға тəрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: қуыршақ театрынан қойылымдар тамашалау. Қолданылатын көрнекі құралдар: Ерден ата, Айару қуыршақтары, қуыршақ театрының түрлерінен көрме, слайд, əліппе - дəптер.
Сөздік жұмыс: театр, киілмелі қуыршақтар, қойылым.
Билингвальді компонент: қуыршақ театры – кукольный театр, спектакль – қойылым, выставка – көрме.
Педагогтің басқару іс - əрекеті - Балалардың іс - əрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық:
Қонаққа Ерден атай немересі Айарумен келеді. Ерден атай: Сəлеметсіңдер ме, балалар! Мен – Ерден атаймын, балаларға ертегі айтқанды жақсы көремін. Ал мынау менің немерем, аты – Айару.
Тәрбиеші: Ерден атай дегенді естіген, теледидардан көрген боларсыңдар. Бұл кісі – ертекші. Ол өзімен бірге сендерге ертегіге қажетті заттарды алып келіп, көрме ұйымдастыруды сұрайды. Ерден атаймен, Айарумен сəлемдеседі, танысады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Театрға қажетті құрал - жабдықтардан көрме. Перде, үстел үсті шамы, костюмдер, атрибуттар, грим, айна, бетперде, қуыршақ театрының түрлері: саусақ театры, қолғап театры, үстел үсті театры, көлеңке театры, ойыншық театры, конус театры, марионетка қуыршақтар жəне т. б. Слайд арқылы театр түрлерін толықтырып көрсету, қуыршақ театрының атын жеке - жеке атау. Айару балаларға театр арқылы түрлі кейіпкерлердің кейпіне еніп, өздерін əр қырларынан көрсете білуге болатынын айтады. Театр əлемінде қуыршақтарға, жан - жануарларға жан бітіп сөйлейді, күледі, жылайды т. б. эмоцияларын көрсете біледі. Педагог балаларға өздеріне ұнаған қуыршақтарды алып, ол қуыршақтарға жан бітіріп, қимыл - қозғалысын, дауысын, мимикасын сала отырып өз өнерін көрсетуді ұсынады. Айарудың тапсырмалары. Əліппе - дəптермен жұмыс. 1 - тапсырма. Бұл заттар не үшін керек? Осындай қуыршақтарды қайдан көрдің? Кім театрға барып көрді? Сергіту сəті: Ал енді Тату жануарлар ойынын ойнайық. Балалар шеңберде тұрып, 3 топқа бөлінеді.
Балалар тәрбиешің сұрақтарына жауап береді. Балалар көрмені тамашалайды. Балалар слайдтан театр түрлерімен танысады.
Балалар өздеріне ұнаған қуыршақты алып, сол кейіпкермен өз өнерін көрсетеді.
Тапсырманы орындайды, сұрақтарға жауап береді
Бірінші топ - пілдер, екінші топ - аюлар, үшінші топ - түлкілер. Бастаушы пілдер дегенде бірінші топ бастарын екі рет піл сияқты иеді, түлкілер дегенде бір рет шапалақ ұрады, аюлар дегенде оң аяқпен бір рет бəрі бірдей тарсылдатады. Балалардың барлығы топпен бірдей жасау керек. Əрі қарай топтарды ауыстырып, тапсырмаларды қайталау: пілдерді түлкілерге, түлкілерді аюларға, аюларды пілдерге ауыстыру. Билингвальді компонент: қуыршақ театры – кукольный театр спектакль – қойылым выставка – көрме
Театр – өнердің бір түрі. Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тəсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтар (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т. б.
Балалар бастаушының айтуы бойынша іс - қимылдарды топпен бірге жасайды.
Сөздерді қайталайды.
Айарудың əңгімесін тыңдайды.
Педагогтің əңгімесін тыңдайды, қуыршақ театрының түрлерімен танысады.
Осы қуыршақтарды, костюмдерді, бетперде, атрибуттарды пайдалана отырып, келешекте сендер де ертегілерді сахналайтын боласыңдар. Əліппе - дəптермен жұмыс. 2 - тапсырма. Жаңғырық ойынын ойнайық. Театр , бетперде , сахна сөздерін əртүрлі екпінде айту: дауыстап, ақырын, сыбырлап, іштен. 3 - тапсырма. Ертегі кейіпкерінің көңіл күйін бетпердемен сəйкестендір.
Жаңғырық ойынын ойнайды. Сөздерді түрлі екпінде айтады.
Рефлексиялық - түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. - Балалар, бүгін біз қандай өнермен таныстық? - Қандай қуыршақ театрының түрлері бар екен? Ерден атай балаларға өздерінің оқу қызметіндегі жұмысын бағалауын ұсынады. Өзіне ұнаса, жасыл қоржынды қоршау Өзіне ұнамаса, қызыл қоржынды қоршау.
Сұрақтарға жауап береді.
Тапсырманы орындайды.
Күтілетін нəтижелер:
Жасайды: жан - жануарлардың дыбысын салып, қимыл - əрекеттерін қайталайды;
түсінеді: театрға қажетті заттарды қолдану түрлерін ажырата біледі; қолданады: барлық дыбыстарды анық жəне əртүрлі қарқында дыбыстайды.
ШҚО, Аягөз ауданы,
Ақтоғай кенті №3 Ақтоғай бала бақша - бөбекжайы
Тәрбиеші: Рузьева Гулнур Курманжанкызы