Әйелдің құпия қаруы – шаш.
Шаштың саулығы
Шаш адамды космоспен байланыстыратын антенна. Егер шаш ауырса, зақымдалса, бұл адамның өз өмірін жасауға көмектесетін тылсым күшке, Тәңірге деген сенімсіздігін білдіреді. Бұл сенімсіздік өмірлік күшті кемітеді.
Шаштың сыртқы саулығы – көп нәрседен хабар береді. Әйелдің қуатының деңгейін, ішкі мүшелерінің саулығын, гормоналды тепе - теңдікті, тіпті отбасылық кикілжің туралы да айтып бере алады.
Шаштың әлсіреуі өз өзіңе сенудің, өзіңді танудың маңызын көрсетеді, Тәңірдің қолдауына сену керектігін білдіреді. Материалдық құндылық маңызды, бірақ ол рухани құндылықтардан асып кетпеуі тиіс.
Шаш түссе, онда шыққан Текпен жұмыс жасау керек. Әйелдің шашы түскіш болса, не күйеуімен, не әкесімен кикілжің бар екендігін көрсетеді.
Егер әйел шашын дұрыс күтіп - баптаса, қажетті ұзындыққа дейін өсірсе – ол орасан зор күш - қуатқа ие болады. Мұндай әйелдердің түйсігі қатты дамиды. Үйінде береке - бірлік орнайды.
Ертеде әйелдер тарақты аса мұқият таңдаған. Тарақтың көмегімен кез келген жамандықты тарап тастауға болатынын, тәнімен демалып қалатынын білген. Демалу – әйел үшін нәзіктікті жинаудың алғышарты екен.
Шаш әйел үшін сыртқы орта мен ақылының арасындағы көпір сияқты. Сондықтан шашты күтіп - баптау – бір қарағанға аскеза. Ұйықтар алдында шаш тарау – бүкіл жамандықтан құтылу. Сондықтан шашты мұқият, асықпай тараған абзал. Шаш тараған кезде жақсы нәрсені ойлап, жақсы ән салып тараған жөн.
Шашты неғұрлым жиі жуып тұрған пайдалы. Олар тек кір болып қалмайды, шашқа – реніш, өкпе, жаман әңгіменің бәрі жабысады. Біреуге ренжісеңіз, күш - қуатыңыз азайып қалса, шашыңызды жуыңыз. Бірден жеңілдеп, көңілденіп қаласыз.
Шакти деген ведалық энергия шашта жинақталатын болғандықтан әйелге шашын бөтен адамдарға ұстатуға болмайды. Тек күйеуі мен әкесі ғана ұстай алады.
Айналаңызда ұрыс шығып кетудің қауіпі төнсе, басыңызға жаулық жабыңыз. Сонда келеңсіздіктер сізді айналып өтеді. Шашты жуғанда арнайы майларды қолданыңыз. Зәйтүн, ошаған, кастор, тоң май, және т. б. Шашты өсіруге көмектесетін эфир майлары: иланг - иланг, даршын, лаванда, гүлшетен (розмарин), қарағай, шатыраш (шалфей).
Аударған Шынар Әбілдә
Facebook-тегі парақшасынан