Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы этносаяси үрдістер, қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ жерінде қазақ халқының этникалық және антропологиялық негізінің қалануы, орта ғасырлардағы этникалық өзгерістер сияқты күрделі мәселелерге тоқтала отырып, Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың ерекшеліктерін көрсету.
Дамытушылық: Халық болып қалыптасу барысын ой елегінен өткізіп, тұжырым жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу, халқының тілін, салт – дәстүрін, тарихын құрметтейтін азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ – жауап, деректермен жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар жасырылған сандық пен бөшке, бағалау парақтары
Пәнаралық байланыс: Ежелгі Қазақстан тарихы, география, математика
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға жеке – жеке бағалау парақтары беріліп, өздері толтырып отырады.
Мұғалім: бүгінгі сабағымыздың ұстанымы:
Маған бақыт сабақ өту сіздерге
Көріп тұрмын, қуаныш бар жүздерде.
Жастық шақта жүріңіздер шат күліп,
Бәрімізге болсын серік сәттілік!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Қызықты ұяшықтар . Тақтада 10 ұяшық берілген. Ұяшықтарды таңдау арқылы сонда берілген сұрақтарға жауап береді.
1 - ұяшық: 1155 ж Моңғолия жерінде Есугей батырдың отбасында дүниеге келген Моңғол империясын құрып, ұлы хан болып сайланған кім? (Шыңғысхан)
2 - ұяшық: 1370 ж Мауараннахрды басып алып, 35 жыл бойы жеке дара билік құрған, моңғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан, Тарағай бектің баласы кім? (Әмір Темір)
3 - ұяшық: 1374 – 1375 жж Еділ бойына жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қажы – Тарханды алып Кама бұлғарларын бағындырған Ақ Орданың ханы кім? (Ұрыс хан)
4 - ұяшық: Алтын Орданың саяси және экономикалық жағынан дамуына барынша үлес қосқан, Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланысты күшейткен Алтын Орда ханы кім? (Берке хан)
5 - ұяшық: 1380 ж бастап ол Алтын Орданың көптеген жерлерін басып алып, Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартқан кім? (Тоқтамыс)
6 - ұяшық: Ол ХІҮ ғ 90 жж Тоқтамыспен үздіксіз соғыс жүргізеді. Оның басты себебі, біріншіден, билік үшін күрессе, екіншіден, Ноғай Ордасының беделін көтеріп, ел аумағын ұлғайтуға тырысқан хан кім? (Едіге хан)
7 - ұяшық: 1481 - 1484 жж орыс мемлекетіне екінші рет елшілік жіберіп, орыс патшасы ІІІ Иванмен өзара сауда қарым – қатынасын орнату мақсатындағы достық одақ құруға шарт жасасып, келісімге келген хан кім? (Ибақ хан)
8 - ұяшық: 1428 ж Хан сайланған, Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы кім? (Әбілқайыр)
9 - ұяшық: Шыңғыс ханның 1217 ж Күшіліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға аттандарған нояны кім? (Жебе ноян)
10 - ұяшық: Египетпен байланысына кедергі жасауға тырысып отырған Византияға 1271 ж жорыққа шығады. Бірақ, Византия императоры соғыстан бас тартып, бейбіт келісімге келген. Бұл Алтын Орда ханы кім? (Меңгу – Темір хан)