Сабақ тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау (тест)
ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІV. Топқа бөлу
V. Бекіту сұрақтары
VІ. Қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кальций жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік қабілетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.
Кальций элементін жан – жақты зерттеу арқылы оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы экологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже: Кальций және оның қасиеттері туралы толық мағлұмат ала отырып, олардың алыну әдістері мен қасиеттерін химиялық реакция теңдеулері арқылы жазып, дәлелдей алады.
Көрнекілік: Слайдтар, электронды оқулық, периодтық кесте, реактивтер, қосымша әдебиеттер, химия энциклопедиясы
Жаңа сабақ
І топ
Кальцийдің жалпы сипаттамасы және табиғатта таралуы
Табиғатта таралуы
Кальций табиғатта тек қосылыс түрінде көп таралған. Жер қыртысындағы мөлшері бойынша 5 – ші орында, массасы бойынша 3, 6%. Оның қосылыстарын кез келген жерден кездестіруге болады. Ол теңіз бен өзен суларында да кездеседі. Өсімдік пен жануар организмінің құрамына кіреді. Адам организмінде 1 кг - ға дейін Са бар, ол сүйектің, тіс эмалінің, қанның құрамында да болады. Табиғатта ең көп тарлаған қосылыстарының бірі – СаСО3
Физикалық қасиеті
Күміс түстес, ақ, жеңіл металл. Тығыздығы 1, 54 г см. Ауамен тез әрекеттесіп, тотығу өнімдерінен тұратын кеуектеу жұқа ақ қабықшамен қапталады. Сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды. Кальций – қатты металл, балқу температурасы 851С.
Химия пәні мұғалімі Тұяқова Зиягүл Оразалықызы
Кальций және оның қосылыстары слайд жүктеу