Сабақтың тақырыбы: Бөлшектердің қосындысы мен айырмасы
Мақсаты:
І. Білімділік: Оқушыларға рационал бөлшектер тарауын қайталай отырып, бөлшектерді қосу мен айырмасы ережелерін меңгерту, есеп шығара білуге үйрету.
ІІ. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, зеректілікке, шыдамдылыққа, өз - өзіне деген сенімділігін арттыруға тәрбиелеу.
ІІІ. Дамытушылық: тақырыптың негізгі идеясын ашу. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, ойларын
тұжырымдау. Өз бетімен қорытындылау дағдыларын жетілдіру.
Түрі: Дәріс сабақ
Типі: Аралас сабақ
Әдісі: Ұжыммен және жеке
Сабақ көрнекілігі: таратпа материалдар, бағалау плакаты, интерактивті тақта
Барысы:
І. Ұйымдастыру: Сыныпты түгендеу
ІІ. Ой қозғау - Үй тапсырмасын тексеру:
1. Бүтін өрнектер дегеніміз не?
2. Бөлшек өрнектер дегеніміз не?
3. Рационал өрнектер дегеніміз не?
4. Теңбе - теңдік дегеніміз не?
5. Теңбе - тең түрлендіру дегеніміз не?
III. Жаңа тақырып:
• Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу үшін олардың алымдарын қосып, бөлімін өзгеріссіз қалдыру керек.
• Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді азайту үшін бірінші бөлшектің алымынан екінші бөлшектің алымын азайтып, бөлімін өзгеріссіз қалдыру керек.
• Бөлімдері әр түрлі рационал бөлшектерді қосу үшін оларды ортақ бөлімге келтіріп, сонан соң бөлімдері бірдей бөлшектер сияқты қосады.
• Бөлімдері әр түрлі рационал бөлшектерді азайту үшін оларды ортақ бөлімге келтіріп, сонан соң бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту сияқты орындайды.