Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
7. 2. С. Тыныс алу
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы мен типтері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7. 1. 4. 1. тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын сипаттау;
7. 1. 4. 2. анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: тыныс алудың маңызын сипаттап, типтерін ажырата алады;
Басым бөлігі: тыныс алу және фотосинтез үдерістерін өзара салыстырып, анаэробты және аэробты тыныс алудың ерекшеліктерін сипаттайды;
Кейбір оқушылар: тыныс алу көмегімен энергияны қайдан және қалай алуға болатын үдерісті сызып, талдап береді, тыныс алусыз тіршілік етуге болатындығын дәлелдей алады.
Бағалау критерийлері: - Тыныс алудың ағза үшін маңызын біледі;
- Тыныс алу типтерін ажыратады;
Дағдылар: Сын тұрғысынан ойлау, жеке, жұппен және топпен жұмыс істей білу қабілеті
Тілдік мақсаттар: Тыныс алу, глюкоза, оттегі, көмірқышқыл газы, энергия, аэробты және анаэробты ағзалар, ашытқылар, майқышқылды бактериялар, сүтқышқылды бактериялар, ішек паразиттері, лямблия, лейшмания, сіріспе, саңырауқұлақтар;
Құндылықтарға баулу Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету
Пәнаралық байланыс: Химия, физика, экология, ағылшын тілі
Алдыңғы білім: 7. 1. 2. 2. фотосинтез үдерісіне қажет жағдайларды зерттеу.
Сабақтың басы
2 мин
7 мин
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, психологиялық ахуаал тудыру.
1 - тапсырма. Үй тапсырмасын Шындық па, әлде жалған ба? әдісі арқылы сұрау. Оқушылар шеңбер құрып, бір - біріне допты лақтыра отырып, өткен сабақтан сұрақтар қояды. Олар жалған не шындық деп жауап беруі керек.
Шеңберде тұрған тұста оқушылар 1 - 4 - ке дейін сааналып төрт топқа бөлінеді: 1 - топ: Глюкоза тобы, 2 - топ: Фотосинтез тобы, 3 - топ: Аэробтар тобы, 4 - топ: Анаэробтар тобы
Сабақтың ортасы
7 мин
Миға шабуыл әдісі. Мұнда ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеу әрекеттері қолданылады. Төменде көрсетілген проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды.
- Біз не үшін тыныс аламыз?
- Барлық тірі ағзалар бірдей тыныс алады ма?
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен оқушыларды таныстырады. Тілдік мақcаттағы жаңа сөздерді үш тілде таныстырады да жаңа тақырыпты түсіндіреді.
Тыныс алу – дыхание – respiration
Фотосинтез – фотосинтез - photosynthesis
Глюкоза – глюкоза – glucose
Оттегі – кислород – oxygen
Көмірқышқыл газы – углекислый газ – carbon dioxide
Энергия – энергия – energy
Аэробты ағзалар – аэробы – aerobic
Aнаэробты ағзалар – анаэробы – anaerobic
Мектеп: Ақалтын ЖОМ
Мұғалімнің аты - жөні: Сахова Клара Байдосовна
Тыныс алудың маңызы мен типтері. жүктеу