Көпатомды спирт ретіндегі қасиеттері

Скачать

Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Пән мұғалімі Сыдықбекова Т. Н.

Тақырыптар:
§11. 1. Көмірсулар. Моносахаридтер. Глюкоза. Лабораториялық жұмыс №11 Көмірсулардың қасиеттерін зерттеу
§11. 2. Дисахаридтер.
§11. 3. Полисахаридтер.

Сабақтан үзінді
Тақырыбы: §11. 1. Көмірсулар. Моносахаридтер. Глюкоза. Лабораториялық жұмыс №11 Көмірсулардың қасиеттерін зерттеу
Білімділік мақсаты: оқушыларға көмірсулар, олардың табиғаттағы таралуы, жіктелуі, глюкоза, тотығу, глюкозаның 2 түрі туралы білімді қалыптастыру;

құрылысының қасиеттеріне тәуелділігін көрсету, туралы алған білімдерін жетілдіру, химиялық қасиеттерін, алыну әдістерін сипаттайтын химиялық реакциялардың теңдеулерін құру дағдыларын ары қарай қалыптастыра отырып дамыту, талдау, қорытындылау біліктіліктерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту;
сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ өткізілу түрі: мұғалімнің түсіндіруі (ауызша), кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау эксперимент жасау. 11 - КП - 4, 11 - Б - 4
Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта, видеофрагмент көрсету 11 - ЕТЖ - 1, глюкоза ерітіндісі, мыс гидроксиді, аммиак ерітіндісі, натрий гидроксиді ерітіндісі, мыс сульфаты ерітіндісі 11 - КП - 4, 11 - Б - 4

Ұйымдастыру кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына, алған білімнен қорытынды шығаруға, жүйелеуге қажетті түрлі әдіс – тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы; берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға, түсініктерді, заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

1. Мұғалімнің түсіндіруі:
Көмірсулар табиғатта кең таралған қосылыстар ретінде барлық өсімдік және жануарлар организмдеріне кіреді. Өсімдіктердің құрғақ затының 80%- і, жануарлар клеткаларындағы заттардың 2%- і көмірсулар үлесіне тиеді. Кейбір тағамдық заттар қант, бал, т. б. тек көмірсулардан тұрады.
Көмірсулардың құрамы өзінің атауы айтып тұрғандай, Сn(Н2О) m деген жалпы формуламен белгіленеді. Көмірсуларды құрамына қарай: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер деп бөледі.
Құрамында алты көміртек атомы бар көмірсуларды гексозалар деп атайды.
Гексозалардың маңызды өкілі - глюкоза немесе жүзім қанты С6Н12О6.
Глюкозаның құрылымдық формуласы:
Глюкозаның мұндай молекулалық құрылысы оның химиялық қасиеттерінен келіп шығады. Глюкоза қышқылдармен әрекеттескенде, бес қышқыл қалдығын қосып алып, күрделі эфир түзеді, бұл оның құрамында бес гидроксотоптың бар екенін көрсетеді. Мұны тәжірибе жүзінде 1869 жылы орыс ғалымы А. А. Колли анықтаған.
Глюкозаның аммиактағы күміс оксиді ерітіндісімен әрекеттесіп, күміс айна реакциясын беруі оның құрамында альдегид тобының бар екенін анықтайды. Альдегид тобы молекуладағы ең соңғы көміртек атомына байланысады. Сонымен, глюкозаны құрылысы мен қасиеттеріне байланысты бес атомды альдегид - спирт деуге болады.
Бірақ глюкоза альдегидтер қатысатын кейбір реакцияларға қатыспайды және бес гидроксотоптың барлығының табиғаты бірдей емес екені анықталды. Бұл жағдай глюкоза молекуласы тек ашық емес, тұйық тізбекті де бола алатындығын көрсетеді:

Алынуы. Глюкозаны жүзім қанты деп атау себебі - оның жүзім шырынында көп мөлшерде кездесетіндігіне байланысты. Глюкозаны басқа да заттарды пайдаланып алуға болады:
1) сахарозаны қышқыл қатысында гидролиздеп, глюкоза және фруктоза алады:

Физикалық қасиеттері. Глюкоза, ақ түсті, дәмі тәтті, суда жақсы еритін кристалды зат. Спиртте нашар ериді, ал эфирде ерімейді.
Химиялық қасиеттері. Глюкозаның химиялық қасиеттерін үш топқа бөліп қарастырамыз.
I. Көпатомды спирт ретіндегі қасиеттері.
1 Глюкоза көпатомды спирт ретінде жаңа әзірленген мыс гидроксидімен кәдімгі жағдайда әрекеттесіп, көк түсті мыс қосылысын түзеді. Бұл реакция сапалық анықтау үшін қолданылады.
2. Глюкоза сірке ангидридімен әрекеттесіп, күрделі эфир – пентаацетилглюкозаны түзеді:

II. Альдегид ретіндегі қсиеттері.
1 Глюкоза күміс(I) оксидінің аммиактағы ерітіндісімен әрекеттесіп, глюкон қышқылын түзеді:

III. Глюкозаның өзіне тән ферментативтік ашу реакциялары.
Ферментативтік ашу реакциялары түрлі ашытқы бактерияларының әсерінен әр түрлі жүреді.
Процесс – түзілетін өнімнің атауымен аталады және ол көп сатылы биохимиялық өзгерістерден тұрады. Төменде осы күрделі процестің қорытынды теңдеулері берілген.

§11.1, 11.2, 11.3 жүктеу

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz