Жамбыл облысы Қаратау қаласы
Қаратау технология, білім және бизнес колледжі
Информатика пәнінің оқытушысы
Тұнғат Гаухар Мұратқызы
Информатикалық - интеллектуалды ойын
Тақырыбы: Информатика әлеміне саяхат
Пән: Информатика
Топ: 1 курс білімалушылары
ЖОСПАРЫ:
1. Өзім туралы (15 мин)
2. Бәйге (25 мин)
3. Полиглот (15 мин)
4. Құпия алаң (25 мин)
5. Тапқырлық (10 мин)
6. Бейне сұрақ (10 мин)
7. Жеңімпаздарды марапаттау.
Информатика әлеміне саяхат
(Информатикалық - интеллектуалды ойын)
Құрметті ұстаздар, коммиссия мүшелері және Білімалушылар! Сіздермен бірлесе отырып, 1 курс білімалушылары арасында Информатика әлеміне саяхат атты Информатикалық - интеллектуалды ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.
Коммиссия мүшелері: Жылбаева Б.А.; Мыңбаев М.С.; Тұрсынбав Е.С.; Торсықбаева Ғ.Т.
Ойын-толқын , айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген білімалушыларды өзін-өзі таныстыру үшін І бөлім Өзім туралы .
(7 оқушы қатысады)
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған білімалушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпін. Ал, жас қырандар ІІ-бөлімізді бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
І І– бөлім. БӘЙГЕ
Бұл бөлімнің шартын түсіндіріп өтейін Информатика әлеміне саяхат сөйлеміне информатикалық терминдермен сөз жұмбақ құрастырылған. Сұрақтың жауапбына шапшаң жауап берген білімалушы әрбір дұрыс жауабы үшін 10 ұпайға ие болады.
1. Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы? (монитор).
2. Дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы? (пернетақта).
3. Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде қандай объект қабылданған? (Файл).
4. Бұл термин латынның түсіндірілу, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. (информация).
5. Соңғы кезге дейін ең кең таралған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы принтер (матрицалық).
6. Ақпараттың құрамдас бөлігі – (мәлімет).
7. Тышқаның ағылшынша аталуы – (маус).
8. Текстің қазақша аталуы – (мәтін).
9. Мәліметті басып шығару құрылғысы – (принтер).
10. Мәліметтерді тасмалдау құралдарының бірі – (диск).
11. Жадтың көлемі немен өлшенеді – (байт).
1. Файлдың аты кез-келген шектелген нелерден тұрады. (Әріптер)
2. Компьютердің ең негізгі құрылғысы – ( жүйелік блок)
3. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық схема - (процессор).
4. Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы – (модем).
5. Қандай мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер және цифрлы фотокамералар қолданылады. (графиктік)
6. Графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы – (тышқан).
7. Кескінді құрайтын кішкене нүктелер – (пиксель).
1. Аналық тақшада орналысатын құрылғылардың бірі – (слоттар).
2. Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен _____________ деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Сол өткізгіштер қалай аталады. (шина).
3. Таңбашаны орысшасы. Ол объектіге нұсқағыш қызметін атқарады.(ярлык)
4. Ақпаратты қағазға жазып өзге жерге жіберуді не деп атайды? (хат)
5. Монитормен бірігіп дербес компьютерді ішкі бейнежүйесін не құрайды? (бейнекарта)
6. Компьютерлік ойындарда қоданылатын қолмен басқарылатын тетік - (джойстик).
Осы бөлімнің соңында ұпай төмен 1(екі) білімалушы ойыннан шығарылады. Сонымен ІІІ –бөлімге 6 білімалушы қалады.
ІІІ – бөлім. ПОЛИГЛОТ .
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.
Бұл бөлімнің шарты бойынша ІІ бөлімнің қорытындысы бойынша ең төменгі ұпай санын алған білімалушыдан бастаймыз. Білімалушы слайдта көрсетілген ұяшықтардың кез-келгенін таңдап, слайдта көрсетілген құрылғыны үш тілде атап айту керек. Үш тілдегі жаубын дұрыс айтса 30 ұпай ал, бір дұрыс емес жауапқа 10 ұпай алынып отырады. Оның дұрыс емес жауабына басқа қарсыластары жауап беруіне болады, және де қалған ұпай саны сол білімалушыға есептеледі.
1. Жүйелі блок; Системный блок; System unit.
2. Монитор; Монитор; Screen.
3. Құлақшын: Наушник; Headphones.
4. Бума; Папка; Icon.
5. Ұлғайтқыш; Лупа; Magnifying glass.
6. Мәтіналғы; Сканер; Scanner.
7. Тінтуір; Мышка; Mouse
8.Пернетақта; Клавиатура; Keybord
9. Қатқыл диск; Винчестер; Hald disk
10.Басып шығарғыш; принтер; printer.
Осы бөлімнің соңында ұпай төмен 1 (екі) білімалушы ойыннан шығарылады. Сонымен ІV – бөлімге 5 білімалушы шығады.
ІV – бөлім. ҚҰПИЯ АЛАҢ .
Бұл бөлімнің шарты бойынша ІІІ бөлімнің қорытындысы бойынша ең төменгі ұпай санын алған білімалушыдан бастаймыз. Ойынның шарты білімалушы өзіне кез-келген ұяшықты таңдайды, ұяшық астында сұрақ пен ұпай саны немесе тек ұпай, келесіге жүріс, сұрақ пен сыйлық жазылған. Егер раққа дұрыс жауап берсе ары қарай ұяшықтарды таңдауды жалғастырады. Егер дұрыс жауап бере алмаса білетін білімалушы жауап беріп, ойынды сол жалғастырады.
1) 0 мен 1 нені құрайды ? 5 ұпай : Битті құрайды
2) Графикалық ақпаратқа нелер жатады ? 10 ұпай: Суреттік ақпараттар жатады.
3) Принтердің түрлерін ата? 20 ұпай Матрицалық , лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік (плоттер)
4) Операциялық жүйе дегеніміз не ? сыйлық: Бұл қолданбалы программаларға бақылау жасап түрлі программалардағы мәліметтердің шатасып кетпеуін қадағалап отыруы қажет .
5) Джойстик дегеніміз не ? 5ұпай: Джойстик – компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік.
6) Біздің компьютерлер қандай операциялық жүйеде жұмыс істейді ? 10 ұпай : Microsoft Windows
7) Келесіге жүріс
8) Процессор дегеніміз не ? 20 ұпай: Процессор – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық схема .
9) Компьютердің қосымша құрылғыларын ата? 25 ұпай : Диск, дискет,флешка, принтер, калонкалар т.б.
10) Қапшық папка дегеніміз не ? 20 ұпай : Аты аталған файлдар тобы
11) Бауыржан деген сөзде неше байт бар ? 15 ұпай: 1байт
12) Келесіге жүріс
13) Файл дегеніміз не ? (сыйлық): Белгілі бір атпен аталған дискідегі біртекті мәліметтер жиыны
14) Компьютерлік дискілерді ата ? 15 ұпай: (CD-ROM, DVD-ROM, BD-ROM)
15) Флешка дегеніміз не ? 5 ұпай: Ақпаратты тасымалдаушы құрал
16) Қатқыл диск қайда орналасқан ? 10 ұпай: Жүйелі блокта
17) +5 ұпай:
18) Компакт дискіні оқитын құрылғы? 15 ұпай: Жүйелі блок
19) Диск сөзінде қанша бит бар ? 25 ұпай: 4 бит
20) +5 ұпай:
Осы бөлімнің соңында ұпайы төмен 2 (екі) білімалушы ойыннан шығарылады. Сонымен V – бөлімге 3 білімалушы шығады.
V – бөлім. Тапқырлық .
Бұл бөлімнің шарты бойынша ІV бөлімнің қорытындысы бойынша ең жоғарғы ұпай санын алған білімалушыдан бастаймыз. Бұл ойының шарты бойынша ұяшық бетттерінде ұпай саны жазылған, оның астында жұмбақ жасырылған. Білімалушы дұрыс жауап берсе де, жауап бере алмаса да келесі ойыншы ойынды жалғастырады.
Қағаз бетінен алады,
Бірден компьютерге салады.
(Мәтіналғы)
Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(Басып шығарғыш)
Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек.
(Монитор)
Бес атаның балалары
Қыдырмашы біреуі.
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті.
(Пернетақта, тінтуір)
Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.
(Жүйелік блок)
Командалар жиынынан тұрады,
Мақсатыңды орындайды.
(Мәзір жолы)
Осы бөлімнің соңында ұпайы төмен 1(екі) білімалушы ойыннан шығарылады. Сонымен VІ – бөлімге 2 білімалушы шығады.
VI – Бөлім БЕЙНЕ СҰРАҚ