Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2 – тоқсан, 3 бөлім Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Процестерді электрондық кестелерде модельдеу.
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7. 2. 2. 2 электронды кесте элементтерін пішімдеу (форматтау)
7. 3. 3. 1 - деректердің типін жіктеу
7. 2. 2. 4 - электронды кестеде шартты пішімдеуді қолдану
7. 2. 2. 3 - электронды кестеде диаграммалар құру
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:
Компьютерде модельдеу теориясын модельдеу, модельдеу кезеңдерін білу.
Оқушылардың басым бөлігі:
Үлгіні пайдалана отырып, қарапайым модельдерді компьютерде құру.
Кейбір оқушылар:
Берілген модельдер бойынша модельдер кезеңін жоспарлай отырып, компьютерде өз бетінше модельдер құру.
Бағалау критерийі
- электронды кестеде пішімдеуді \форматтауды\ қолданады;
- электронды кестеде шартты пішімдеу түрін таңдайды және қолданады;
- диаграмма типін таңдайды және электрондық кестеде құрады.
- Біліп үйренгендерін пайдаланып тапсырмаларды орындай алады.
Тілдік мақсаттар Лексика мен терминология
Модель, модельдеу, адрес, абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестер.
Диалогтік
№1 тапсырмада орындалған компьютердегі модельдеу жұмысына талдау жасау.
Жазу:
Модельдеу кезеңдерін, үлгілерін жұмыс дәптерлеріне жазу.
Құндылықтарға баулу Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
(өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық)
Пәнаралық байланыс математика - формуламен жұмыс жасау;
бейнелеу өнері – сандық ақпаратты көрнекі (графикалық) түрде ұсыну үшін диаграмма түрлерін таңдау.
Тақырып бойынша алдынғы білім Ұяшықтарды форматтау, шартты форматтау, диаграммалар жасау.
Сабақтың басы
Білу
Ұйымдастыру кезеңі
Көңіл - күй тренингі Шаттық шеңбер
Оқушылар шеңберге тұрып, есімінің алғашқы әріпі бойынша өз бойындағы жақсы бір қасиетін атайды..
Топтарға бөлу "Мозайка"әдісі
1 топ -"Математикалық модель"
2 топ -"Ақпараттық модель"
3 топ - "Компьютерлік модель"
Үй тапсырмасын тексеру Кубизм әдісі
1. Мәтіндік процессордағы кестеден электрондық кестененің қандай айырмашылығы бар?
2. Қандай жағдайларда бірдей немесе түрлі деректер типін қолдануға болады?
3. Кестедегі мәліметтерді есептеу мен талдауға арналған Excel - дің арнайы құралы.
4. Формула қандай белгіден басталады?
5. Абсолюттік және салыстырмалы адрестердің айырмашылығы қандай?
6. Шартты форматтау қандай мақсатта қолданылады?
Дескриптор
Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіріп сұраққа жауап береді.
Саралау Диалог және қолдау көрсету тәсілі
кубизм әдісін арқылы үй тапсырмасын тексеру, оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар нақты қойылады.
Қ. Б. Бас бармақ
Проблема сұрақ:
• Компьютерде модельдеуді жүргізуде электронды кестелерді қалай тиімді қолдануға болады?
• Тірі табиғат мүшелерінің техникадағы қандай модельдерін атай аласыңдар?
Дескриптор
Әр топ берілген сұраққа өз ойларын айтып, жауап береді.
Саралау Жіктеу тәсілі
Оқушылар жеке ойланып, топта пікір - алмасып, ортақ тұжырымға келеді.
Қ. Б. Стикер арқылы өзара бағалау
Сабақтың ортасы
Білу және түсіну
Жаңа тақырыпты игеру
Жаңа ақпаратты топта бірін – бірі үйретіп, түсіну үшін Өкіл әдісі. Топтық жұмыс. Мәтінмен танысу. Оқулықтан оқушылар мәтінмен танысып, постерге өз ойларын түсіреді.
Топтық жұмыс
1 топ -"Математикалық модель" – Компьютерде модельдеу теориясы
2 топ -"Ақпараттық модель" – Компьютерде модельдеу кезеңдері
3 топ - "Компьютерлік модель" – Қарапайым есептерді электрондық кестелерде модельдеу
Дескриптор:
Білім алушы
- Мәтінге байланысты өз көзқарасын білдіреді.
- модель, модельдеуге түсінік береді;
- модельдеу кезеңдерін көрсетеді.
Саралау Дереккөздер тәсілі. Баспадан шыққан жəне электронды дереккөздер де пайдаланады.
Постерлерін алмастыру арқылы әр топ келесі топтың жұмысымен Өкіл арқылы таныса отырып жаңа ұғым қабылдайды.
ҚБ Екі жұлдыз, бір ұсыныс
Мектеп: Қалдығайты ЖОББМ
Мұғалімнің аты-жөні: Жубаниязова Нургуль Маликовна
Процестерді электрондық кестелерде модельдеу. жүктеу