Фариза Оңғарсынова өлеңіСен қайда жүрсің, мені осыншама сағындырып, жүрегімді лаулатып жалын қылып

Скачать

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Сен қайда жүрсің,
мені осыншама сағындырып,
жүрегімді лаулатып жалын қылып?
Мен сені іздеп жүрмін
шығар - ау деп жарқ етіп түзден бір күн,
мазасыздық жайлаған жанымды ұғып.
Жинап жүрмін жүрекке
ашу, ыза - кеудемде қамалған үн,
шаттығым мен пәк күлкім, ән - арманым,
басқаларға айта алмас сырымды мен
ішімде бүгіп жүрем -
ақтаруға тек қана саған бәрін.
Жанымды жайып салам,
көмілмей жасқа, мұңға!
Орап сені сағыныш - ақ сағымға
(қымсынбаймын бар әлем қарап қалса),
сені ұйықтатып алдымда таң атқанша,
отырамын көз ілмей бас жағыңда.


Скачать


zharar.kz