Денсаулық тамақ күш тазалық

Скачать

Тақырыбы: Денсаулық - зор байлық
Тәрбие сағаты мақсаты:
1) Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық кенін түсіндіру.
2) Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш – қуатын молайту.
3) Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілік: нақыл сөздер, тірек таблицалар, көріністер.

Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу
2. Үй тапсырмасы: Денсаулық оны сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау туралы ойларын ортаға салып айту, өлеңдер жаттау.
а) Кел, балалар,
Кел, бері,
Қыздырайық денені.
Орнымыздан тұрайық,
Жүгірейік бір уақ.

ә) Ұшықтырмай ауруға,
Ішін, сыртын тазала.
Барлық тісің маржандай,
Жарқырасын аузыңда.

Денсаулық _________ тамақ
___________________ күш
________________ тазалық

V. Топпен жұмыс
а) 1. Топ
1. Дене шынықтырудың маңызы қандай?
2. Спорттық ойынның қандай түрлерін білесіңдер?
3. Өзі тоймастың – көзі тоймас – дегенді қалай түсінесіңдер?
1. Жеке бас тазалығы деген не?
2. Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның достары не?
(сабын, паста, сүлгі, су)
3. Тамақтың пайдасы мен зиянын айт? Мысал келтір: сыра – сүт, алма – кәмпит.
ә) Денсаулықтың достары мен қастары.
Топтастыру.
Достары Қастары

VI. Сергіту сәті. Денені шынықтыру

VII. Әңгіме оқу, талдау.
- Ертеде бір кір-қожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында аяғында пайла болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғайып затты ұсынады.
- Бұл не деп ойлайсыңдар?
а) Жұмбақ шешу.
1. Жылт – жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су)
3. Не зиян? Не пайдалы?
4. Тіс емдейтін дәрігер? (стоматолог)
5. Асқар тауда қара орман? (шаш)
6. Тәні саудың (жаны) сау.

VIII. Ой қозғау.
- Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенімізді қалай түсінесіңдер?
а) 1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру.
2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақауымыз қажет.
3. Жеміс – жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу.
4. Спортпен айналысып, таза жүру, әрбір адам өз денесін шынықтырса, жйынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды.
5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады.
ә) Тірек схемамен жұмыс
Балалар Денсаулық – зор байлық деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер? Байлық туралы ой қозғау.

Байлық ________ ақша
________________ машина
_______________ денсаулық
Ең үлкен байлығымыз – денсаулық.
Адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?
1. Екі бала қатар тұрса да, бірін – бірі көрмейді? (көз)
2. Өзі кірді ашады, суға салса қашады? (сабын)
3. Аузы бүрмелі қызыл қалта, ішінде 32 малта? (тіс
4. Аузы жоқ, сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар.
Басыңмен ісі бар.
Бұл не? (тарақ)
б) Көрініс Кір қоймас
- Ата – ананың сабын туралы әңгімесі.

IX. Ойын. Қай заттың орны алмасты?
Ойынның шарты: Заттарды мұқият қарап алыңдар. Сендер көздеріңді ашып, сол затты табыңдар.
- Балалар, осы заттың ішінде адам денсаулығына не зиянды? Неліктен?
- Шылым.
- Қойған заттарды қалай атауға болады? Олардың пайдасы бар ма?

X. Мақал – мәтел:
а) 1. Ас адамның арқауы.
2. Ас иесімен тәтті.
Табағымен жақсы.
3. Бал ұстаған бармағын жалатады.
4. Өзі тоймастың – көзі тоймас.
5. Тәні саудың жаны сау.
6. Көзің ауырса қолыңды тый,
Ішің ауырса аузыңды тый.
7. Тазалық – саулық кепілі.
8. Демі бардың – емі бар.
9. Денсаулық – зор байлық.
ә) Көз бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар.

XI. Ой тұжырымы:
- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?
- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?

Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті,
Ж. Баһадүр ауылы, №103 мектеп
Бастауыш мұғалімі: Кушикбаева Динара Косыбаевна


Скачать


zharar.kz