Сабақтың мақсаты:
білімділік:
• Microsowt Word 2010 кестені құру технологиясымен оқушыларды таныстыру;
дамытушылық:
• Оқушыларды ақпараттық мәдениетке, Информатика пәніне деген сүйіспеншілікке баулу.
тәрбиелік:
• Оқушылардың материалды саналы түрде меңгеруге, техникаға ұқыпты қарауға ықпал ету.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру
2. Білу
3. Түсіну
4. Қолдану
5. Талдау
6. Синтез
7. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айтып, топқа бөліп, жаттығу жасатамын.
ІІ. Сабақтың өзектілігі (білу).
Мұғалімнің сұрақтары:
1. Кестені қайда және не үшін қолданады?
2. Кестенің қандай элементтері саған таныс?
3. Барлық кестені, жолды, бағанды бірдей бөліп алуға болады деп ойлайсың ба? Оны қалай жасауға болады?
4. 6 жол мен 4 бағаннан тұратын кестеде қанша ұяшық бар?