Қыс атты әңгіме құрастыру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Мен қалай жазушы болдым. М. Зверев
Сабақтың мақсаты:
1. Мәтіннің негізгі идеясын аша отырып оқушының шындыққа көзқарасын қалыптастыруға жағдай жасау.
2. Іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік жасай отырып, оқуға, жазуға дағдыландыру.
3. Мамандық таңдауға, табиғатты қорғауға және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына әсер ету.
Көрнекілігі: табиғат туралы суреттер, автор портреті.
Түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: әңгіме, сұрақ - жауап, топпен, жұппен жұмыс,.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Миға шабуыл
- Қаныш Сәтбаев туралы айтылған мәтінді ата.
- Шона Смаханұлы туралы не білесіңдер?
- Су мен Балық мысал өлең сені қандай ойға қалдырды?
- Су мен Балық мысал өлеңін әрі қарай жалғастыр.

3. Қызығушылықты ояту
Жұмбақ жасыру
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.

3 минутта қысқаша Қыс атты әңгіме құрастыру.
Қыс. Қар көптеп жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзен, көлдері мұз бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман ішінде құстарды көре алмайсың. Қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр.
Адамның өзі де суықтан қорғанып жылы киім киіп, үйлеріне от жағып. отыр. Қыстыгүні жануарларға әсіресе құстарға қиын. Қыс - өте қауіпті мезгіл.
Жазылған мәтінді әр топтан бір оқушы оқиды. Оқушылардың жұмыстары қорытындыланады.
- Әңгіме, повесть, романдар жазатын адамдарды кім деп атайды?

4. Ой - қозғау
- Кез келген адам жазушы бола ала ма?
- Автормен таныстыру

5. Мағынаны тану.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Шарапаты тию – қайрымды болу
Тәнті болу – риза болу
Ғалым - зоолог - жануарларды зерттеуші ғалым
Күшпек - арбаның доңғалағының ортасындағы бөлігі

Мәтінмен жұмыс
• Мәтінді бөліктерге бөліп оқыту.
• Жұпта талдату
• Топта талдау
• Әр топта талдау
• Мазмұнын айтқызу
• Мен - саған, сен - маған Әр топ бір - біріне сұрақтар қойғызу.

Шығармашылық жұмыс
1 - топ Жазушы тақырыбына эссе жазады.
2 - топ Авторға хат жазады.
3 - топ Бес жолды өлең жазады.
4 - топ Мәтінге байланысты мақал - мәтелдер жазыңдар.
(Автор орындығында оқу)

6. Ой толғау.
- Жазушы өмір бойы нені сүйіп өткен?
- Әрі екі , әрі бес қоюға лайық болған шығарма қалай мақталды?
- Қалай ойлайсың, бала қандай қасиеттері арқылы жазушы болды?
- Жазушының өмірінен сені не таңдандырды, не қызықтырды?

7. Рефлексия
- Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, не біліп, не үйренгендеріңді жазып кітап бетіне жабыстырыңдар.
8. Бағалау
9. Үйге тапсырма.
Туған жердің табиғаты туралы әңгіме жаз.


Скачать


zharar.kz