1 - сынып. Негізгі пәндер бойынша қорытынды сабақ.
Тақырыбы: Білім еліне саяхат
Мақсаты: Білімділік: Жыл бойына өткенді қайталау, пысықтау, тиянақтау.
Дамытушылық: Танымдық қабілетін, сөздік қорын, ақыл - ойын, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгіме, ойын, құрастыру.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, дүниетану, қазақ тілі.
Көрнекіліктер: сызбалар, үнтаспа, плакаттар, қима қағаз, сөзтізбек, кестелер, слайд.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
- Бүгінгі сабағымыз мынадай эпиграф аясында өтеді.
Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады Абай
ІІ. Жаңа сабақ.
- Бүгін біз сабағымызды ертегі түрінде өткіземіз. Қызықты оқиғаларға, қиындықтарға кездесеміз. Ол үшін үш топқа бөлінеміз. Тапқырлар , Жүйріктер , Ұшқырлар
- Арқаммен алты батпан, желкеммен жеті батпан ауырды көтергендіктен күшті болдым,- деген екен не?(Құмырсқа)
Құмырсқа: М дыбысынан басталатын пәнді атаңдар?
- Математика әлеміне қош келдіңдер! Енді сізге жол көрсетейін. Айтпақшы, мен қақпаның ашылу сырын ұмытып қалыппын. Мына тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар қақпа ашылады.
1. Ауызша санау. Қима қағаз.
2.
І топ ----------------- ІІ топ ------------------------ ІІІ топ
6+2 ------------------ 8 - 2 ------------------------- 10 - 6
4+2... 6 -------------- 8.... 10 - 2 ----------------- 9.... 7+2
7 - 5... 6+2 ---------- 5+3.... 9 - 4 --------------- 10 - 3.... 4+3
а+ 4= 10 ------------- 9 - а = 7 -------------------- а – 5 = 3
Топтастыру.
Өрнек.
Теңдік.
Теңсіздік.
Теңдеу.
3. Есеп шығару.
а. Бір ыдыста 3 алма, екінші ыдыста 7 алма бар. Екі ыдыста барлығы неше алма?
ә. Азаматтың 7 дәптері бар еді. Ол інісіне 3 дәптер берді. Азаматта неше дәптер қалды?
б. Мұрат 5 ойыншық бояды. Айдос одан 3 ойыншық артық бояды. Айдос неше ойыншық бояды?
г. Кәмшат 6 ою ойып алды. Гүлнәр одан 2 ою кем ойды. Гүлнәр неше ою ойды?
4. Геометриялық фигуралар. Құрастыру.
5. Логикалық тапсырмалар.
А. Логикалық есеп. Б. Ойлан, тап.
Ә. Сандар қатарын жалғастыр.
І топ 4, 6, 8.....
ІІ топ 0, 3, 6.....
ІІІ топ 2, 6,.....
Сергіту сәті. І. Жансүгіров Жазғытұрым
- Мен саған жақын барар едім - ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! – деп жүгіріп кетіпті не? (Түлкі)
Түлкі: А дыбысынан басталатын пәнді ата.
- Ана тілі әлеміне қош келдіңдер! Енді сізге жол көрсетейін. Айтпақшы, мен
қақпаның ашылу сырын ұмытып қалыппын. Мына тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар қақпа ашылады.
- Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар?
1. Әріп. Сөз. Сөйлем.(Әріптерден сөз құрастыру, сөздерден сөйлем құрастыру)
Ә, Е, Т, Д, І, П. А, Л, Б, А. С, Е, Б. О, Ы, Т, Р.
Сызба бойынша талдау..
2. Ойын: Жуан - Жіңішке Буынға бөлу. Тасымал.
3. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Картамен жұмыс.
Сиқырлы ағаш ойыны
4. Сұрақтарға жауап беру.
НЕ? НЕ ІСТЕДІ? ҚАНДАЙ? НЕШЕ?
Поэзиялық минут. Ы. Алтынсарин Кел, балалар, оқылық!
- Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді не? (Мысық)
Мысық: Д дыбысынан басталатын пәнді ата.
- Дүниетану әлеміне қош келдіңдер! Енді сізге жол көрсетейін. Айтпақшы, мен
қақпаның ашылу сырын ұмытып қалыппын. Мына тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар қақпа ашылады.
1. Топтастыру. Сұрақтарға жауап беріп, жасырған сөзді табу.
1. Бізді қоршап тұрған айналадағы дүниені не дейміз?
2. Жылдың қандай мезгілдері бар?
3. Ұшақты адамдар неге қарап жасаған?
4. Қандай мамандық иелерін білесіңдер?
5. Қандай сезім мүшелері бар?
6. Дүниеде неше тұс бар?
7. Күннің қандай пайдасы бар?
Табиғат
Тірі табиғат. ---------------- Өлі табиғат.
(суреттер) ------------------- (суреттер)
1. Өсімдіктердің неше тобы бар?
2. Өсімдіктердің қандай мүшелері бар?
3. Жемістердің қандай түрлері бар?
4. Көкөністердің қандай түрлері бар?
5. Қандай бунақденелілерді білесің?
6. Отбасын кімдер құрайды?
7. Ағаштың бұтадан айырмашылығын айт.
Өсімдік
Ағаштар --------------------------- Бұталар ------------------------- Шөптер
(ағаштарды атау) ----------- (бұталарды атау) -------------- (шөптерді атау)
1. Қандай бунақденелілерді білесің?
2. Қандай үй хайуанаттарын білесің?
3. Қандай үй құстарын білесің?
4. Үй құстары адамға не береді?
5. Қалада қандай көліктің түрлері бар?
6. Құралайдың желі деген не?
Жануар
Жабайы жануарлар --------------- Үй жануарлары
(суреттер) ----------------------------- (суреттер)
Поэзиялық минут. Абай Адам болам десеңіз
- Ал мынау кім?(Буратино)
Буратино бізге өзінің алтын кілтімен сиқырлы сандықты ашуға көмектеседі.
ІІІ. Қорытынды. – Балалар, сіздер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Ертегі кейіпкерлері сізге рақмет айтады.
Мадақтау.