Сұрап жатса досыма жан беремін.
Автор: жас ақын Бек Ноғайбайұлы.
Аспайтын өзен едім бір
арнадан,
Досқа да, дұшпанға да жыр
арнаған.
Дұшпанды мақтамасам,
даттамаймын,
Бір жақсылық бір күні қылар
маған.
Досымды өле - өлгенше
қастерлеймін,
Досымды мақтар болсам
бас бермеймін.
Досым үшін бәйгеге шабар
болсам,
Арам терім шыққанша рас
терлеймін.
Керек болса дос үшін бәйге
аламын,
Қуанышқа толтырып бәйге
алаңын.
Егер досым аспанда ай
болса егер,
Күмәнсіз менің күнге
айналарым.
Сұрап жатса досыма жан
беремін,
Мен беремін шуағын таң
берерін.
Дұшпаным ала көздеп уын
берсе,
Дұшпаныма күлімдеп бал
беремін.
Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы
Үштөбе жалпы білім беретін тірек мектебі РО КММ
Жинақтаған: 9 сынып оқушысы Серікова Айгерім Серікқызы
Жетекшісі: Өзін өзі тану мұғалімі Жунусова Куралай Мухамедьяровна.