Біріккен сөздермен таныстыру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Біріккен сөздермен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін, топпен жұмыс істеулерін, қиялын дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: әдемі, таза, сауатты жазуға үйрету. Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ребус, слайд, кесте.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтау, ойын, интерактивті тақта, эссе, ассоциация, бес жол өлең, семантикалық карта
Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Қызығушылықты ояту. Слайд.
- Сөз дегеніміз не?
- Сөз неден құралады?
- Сөз нені білдіреді?
Мына сөздерге назар аударайық:
Бозторғай, отыз - қырық, көк ала, педколледж
- Бұлар қандай сөздер?
- Күрделі сөз дегеніміз не?
- Күрделі сөздер қалай жасалады? (Слайд).

VI. Мағынаны тану. Жаңа сабақ.
Күннің жадын жазу
Қ, С, Т, әріптерін алып тастасақ бүгінгі өтетін тақырыппен танысамыз.
Б қ і с р қ і т к қ с т к с е н т с қ ө қ з с.
Слайд. Ребус шешу
Ребустардың шешімін біріктіріп айтайық. Айгүл.
- Бұл қалай жасалып тұр?
- Айгүл сөзін сөз құрамына талдайық
Ай гүл
- Біріккен сөз қалай жасалады? Қорытындылап кім айтады?
Слайд. Ережелермен таныстыру.

V. Оқулықпен жұмыс
32 - жаттығуды ауызша орындату
VI. Дәптермен жұмыс
а) Көркем жазу
ә) Жатқа жазу 34 - жаттығу
VII. Сергіту сәті. Сыңарын тап: (Біріккен сөз құрастыру)
ден...,... тау
ақ...,... табан
бура...,... көл

VІІІ. Шығармашылық жұмыс.
АҚҚУ (Н. Тілендиевтің Аққу күйі ойнап тұрады)
І топ – Аққу (ассоциация құрау)
ІІ топ – эссе жазу
ІІІ топ – бес жол өлең құрастыру.
ІХ. Семантикалық карта.
Сөздер ------ Қос сөз ----- Біріккен сөз ----- Қысқарған сөз ------ Сөздердің тіркесуі
ҚР
Ата - ана
Ақтөс
Қосаяқ
Темір жол
Алатау
Дүние жүзі
Ар - ұят
Көксерке

Х. Сабақты қорыту.
Ойын Кім жылдам? (Біріккен сөздерден құралған)
І топ – Жер - су аттары
ІІ топ – Құстар
ІІІ топ – Өсімдіктер
ХІ. Бағалау


Скачать


zharar.kz