Ұстаз мұраты – шығармашылық ізденіс және кәсіби даму
(Аудандық семинар - тернингте өткізілген коучинг туралы рефлексивті есеп)
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев жаңа білім беру жобаларының басты қозғаушысы бола отырып, білім беру саласын дамыту жолына айырықша көңіл бөлуде. Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Жолдауында орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек және оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс - деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан да педагогикалық ұжымның алдында өзін - өзі дамытуға, жетілдіруге, ұйымдастыруға қабілетті жеке тұлғаға бағытталған жүйе құрудағы тарихи міндет тұр. Осы міндетті іске асыру жолдарының бірі ретінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа модернизациясы құрылып, білім саласындағы әлемдік озық тәжірибелерді меңгеру үшін 1, 2 және 3 базалық деңгейдегі бағдарламалар енгізіліп, оң нәтижесін беруде. Бұл игі бастама білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер өз сабақтарында белсенді оқыту әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың оқу мен оқытудағы сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарын жан - жақты ойластыруға жол көрсетеді.