4.0 нұсқасынан бастап Турбо Паскал құрамына қуатты GRAPH графикалық қосымша бағдарламалық кітапхана енгізілді.
Кітапханада программистің (бағдарлама құрушы) графикалық экранда басқаруына арналған 50-ге жуық процедуралар мен функциялар қызметі енгізілген. Кітапхана құрамындағы процедуралар мен функциялар қызметтік принципіне сәйкес топтастырылған.
Графикалық режимге өту және мәтіндік режимге қайтып оралу.
ДК қосылғаннан кейінгі қалыпты күйі, Турбо Паскал бағдарламасының қосылар сәті мәтіндік режимдегі жұмыс экранына сәйкес келеді.Сондықтан компьютердің графикалық тәсілдерін қолданатын әрбір бағдарлама дисплейлік адаптердің графикалық режимін де басқару керек. Жұмыс аяқталған соң (Д.К. барлық бағдарламалары) мәтіндік режимге қайта оралады.
Дисплейлік адаптердің графикалық режимінің жұмысы туралы қысқаша сипаттама.
Графикалық процедураларды нақты адаптерге орнату, жұмыс жасау қажетті графикалық драйверді қосу арқылы іске асады. Драйвер – Д.К-ң техникалық амал тәсілдерін басқаруда жүзеге асыратын арнайы бағдарлама. Графикалық драйвер графикалық режимдегі дисплейлік адаптерді басқарады. Графикалық драйверді Borland фирмасы жасап шығарған. Ол адаптердің барлық типіне жарамды. Олар BGI қосымша каталогінде кеңейтілген файл түрінде дискке орналасады.
Қазіргі кезде шығарылатын ДК (IBM) ЭЕМ фирмасы шығарған адаптерлермен жабдықталады. Монохромды MOD адаптерден басқа адаптерлердің барлығы графикалық режимде жұмыс жасай алады. Бұл режимде дисплейдің экраны жақын орналасқан пиксел нүктелерінің жиынтығы ретінде қаралады. Олардың жарқыраун бағдарлама арқылы басқаруға болады. Адаптердің графикалық мүмкіндігі экрандағы пикселдің мөлшерімен түстердің (рең) санымен анықталады. Көптеген адаптерлер бірнеше графикалық парақтармен жұмыс жасайды. Графикалық парақ (парақ, бет) – деп жедел жад аймағын айтады. Экранның сызбасын жасауға қолданады, яғни әрбір пикселдің реңгі (жарығын) туралы мәлімет сақтайды.
Graph модулін пайдаланып программалау
Graph модулінің жалпы сипаттамасы
Graph модулі IBM – типтес дербес компьютерлердің графикалық адаптерлерімен жұмыс істеуіне есептелінген, графикалық процедуралар мен функциялардың, тұрақтылардың, айнымалылар мен типтердің қуатты кітапханасы болып табылады. TurboPascal -7.0 ортасын қолданатын Паскаль тілінде программалауда Graph модулінің 132 тұрақтысы, 7 қосымша типі, 2 айнымалысы, 57 процедурасы және 22 функциясы пайдаланылады.
TurboPascal – да графикалық драйверлер деп аталатын арнайы программалар (BGI – файлдар) видеоадаптерлерінің қалыпты жұмысын басқарады.
Көптеген видеоадаптерлер монитордың көрсету мүмкіндіктерін өзгерте алатын бірнеше графикалық режимде жұмыс жасай алады. Мәтіндік режимде экранда 40(80) х 25 символ бейнелеуге болатын болса, графикалық режимде онда бейнеленетін ең кіші объект – графикалық нүкте – пиксел деп аталады.
Мысалы: көп қолданылатын VGA адаптерінің қалыпты режимінде экранда 640 х 480 пиксел көрінеді және олардың 16 түсін айыруға болады.
Uses Graph операторын программа басына орналастырғанда ғана Graph модулінің қызметін толық пайдалануға мүмкіндік бар.
InitGraph (Gd,Gm, ‘c:\TP7’) процедурасы дербес компьютерге қойылған видеоадаптерді автоматты түрде тауып, сәйкес графикалық драйверді іске қосады және оны графикалық режимге көшіреді.