Оқушылардың мейірімділік қасиетін дамыту

Скачать

С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия
Күлбаршын Аманбайқызы Жукенова

Өзін - өзі тану сабағының жоспары

10 сынып
Тақырып: Риясыз сүйіспеншілік
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: махаббат және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік

Сабақ мақсаты: Абайтану орталығы мен өзін - өзі тану пәні сабағының байланысын түсініп, рухани - адамгершілік сүйіспеншілік құндылығының негізінде махаббат және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік қасиеттерінің маңызын кеңірек ұғыну.
Міндеттері:
- Оқушылардың жақсы көру және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету туралы білімдерін тереңдету.
- Оқушылардың мейірімділік қасиетін дамыту.
- Оқушыларды жақсы көруге, аянбай қызмет етуге тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Интерактивті тақта, музыка, оқулық, дәптер, аудиодиск, А 3 қағазы, маркерлер

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.
Нұрға бөлену
- Көңіл күйіңіз қандай? Қандай сезімде болдыңыз?
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Оқушы дәптердің 28 - бетіндегі 2 - тапсырма
2. Ел үшін еңбек етіп жүрген адамдар туралы мәлімет әкелу.
Сол адамның бойындағы рухани - адамгершілік қасиеті туралы айту
Мұғалім сыйы. Аудиодискіден Абайдың 17 - і қара сөзін тыңдау.
 Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің дауласуының себебі неде?
 Сіз қайсысын жақтар едіңіз? Неліктен?
 Адам қай кезде өз жүрегін тыңдайды?
- Өз жүрегіңізді қашан тыңдадыңыз? Не ұқтыңыз?

Шығармашылық іс - әрекет. Топтық жұмыс.
Топқа бөлу: оқушылар кезекпен ақыл , қайрат , жүрек , ғылым деген сөздерді айтып, топқа бөлінеді.
Топтар: ақыл , қайрат , жүрек , ғылым

Ақыл тобы: Абайдың он жетінші қара сөзіне жоспар құру

Қайрат тобы: сахналық көрініс көрсету. Рөлдерге бөліп артистік шеберлікпен, шынайы сезіммен орындау.

Жүрек тобы: қарасөздегі ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның бойындағы рухани - адамгершілік қасиеттерді анықтау.

Үй тапсырмасы
1. Риясыз сүйіспеншілік – адамзат бақытының негізі. шығарма (өлең, эссе, сурет) жазу.
2. Оқулықтың 95 - 96 - бетіндегі І. Есенберлиннің мәтінін оқу.

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Адам әрқашан өмірдің жақсы жақтарын көруге талпынуы керек. Ол үшін айналаға жақсы ниет, жағымды ой, жылы жүрекпен қарау қажет.
Риясыз сүйіспеншілік – адамдық өлшемнің белгісі. Адамның риясыз сүйіспеншілігі күллі тіршілікке, болмысқа, адамзатқа арналғанда өзара үйлесімділікке қол жеткізуге болады.
Бүгінгі сабағымызда айтылған ойларды зерделей келе, сүйіспеншілік құндылығының негізінде махаббат және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік қасиеттерінің маңызын ұғынып жүрегіміздің түбіне түйіп қояйық.
Рақмет! Сау болыңыздар!

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz