Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: жаңа сабақты меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, сабақтас құрмалас сөйлемнің ерекшелігін таныту, оқушының өзіне талдату арқылы қорытынды шығарту.
2. Тәрбиелік: шығармашылықпен еңбек етуге, топтасып, жұптасып жұмыс істей отырып, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау.
3. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: таным
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақтарға жауап беру.
Семантикалық картамен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру
ІV. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері
Сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесі
Баяндауыштарының жасалу жолдары
Бүгінгі сабақта нені үйренуіміз керек?
Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Сөйлемдерге талдау жұмыстарын жүргізе білу.
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Мысалдар:
Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды біреуге міндет етпе.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
Осы іске етене араласпағандықтан, келген жұртқа дәлелді ештеңе айта алмады.
Абай үйге кіргенде, Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. жүктеу