Электр шамы

Скачать

Физика 8 - сынып

І. Сабақтың тақырыбы: & 46 Электролит ерітінділердегі электр тогы. Электролиздің қолданылуы.& 47 Электролиз заңы.

ІІ. Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік. Электролиттердегі электр тогының табиғаты, иондар туралы, электролиз ұғымы, электролиз заңымен таныстыру.
2. Дамытушылық. Электролиз заңына есептер шығара білу.
3. Тәрбиелік. Ғылыми танымын кеңейтіп, өздігінен ізденуге, жұмыс істеуге баулу.

ІІІ. Сабақтың әдісі: Демонстрациялық, кітаппен жұмыс, сұрақ – жауап.
ІV. Сабақтың түрі: Интегралды сабақ.
Аралас сабақ.
V. Сабақтың көрнекілігі:
1. Компьютер
2. Слайдтар презентациялар
3. Электроздар
4. Электролиттер
5. Ас тұзы, таза су, тотияйын, тұз қышқылы
6. Электр шамы
7. Ток көзі
8. Гальваникалық элементтер
9. Аккумулятор.

VI. Пән аралық байланыс. Химия, математика
VII. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу
ә) оқушыларды түгендеу

2. Үй тапсырмасын сұрау
а) Металдардағы электр тогы дегеніміз не?
ә) Металдардағы электр тогы электрондар қозғалысынан туатынын дәлелдейтін тәжірибені сипаттаңдар.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тәжірибе. Тазартылған суы бар ыдысқа екі таза көмір электродтарын салып, оны электр шамына тізбектей жалғап ток көзіне қосамыз. Шам жанбайды. Тізбекте ток жоқ.
1 - сурет. 6 бет.
Тамызғыштың көмегімен тұз қышқылын бірнеше тамшысын немесе ас тұзын NaCl суға салғанда, электр шамы жанады.
Бұл электр тогының пайда болғанын, ерітінді заряд тасымалдаушылар бар екендігі белгілі болды.
Ыдыстағы тотияйын ерітіндісіне (Cu SO4) екі көмір электродын салып, тұрақты ток көзіне жалғаймыз. Біраз уақыттан соң теріс зарядталған электрод бетінде мыстың жұқа қабаты жапқанын байқаймыз.

Химия пәні мұғалімі.

Электролиттер суда ерігенде оң және теріс иондарға ыдырайды. (Латынша диссоцация - ыдырау деген сөз.

Мысалы: KCl (калий хлориді сулы ерітіндіде оң зарядталған калий ионына K+ және теріс зарядталған хлор ионына Cl - диссоцацияланады.
KC ← K+ + Cl - с. с NaCl←Na+ + Cl -
CuSO4→ SO4 2 –
Ерітіндіде диссоциация мен рекомбинация қатар жүреді, бірін – бірі теңестіріп тұрады.
Электр өрісі жоқ кезде иондар ретсіз қозғалады.
Иондардың зарядтарын былай белгілейді.
Ион таңбасының оң жақ шекесіне араб цифрымен жазып, белгісін қояды.
Мысалы: Na+, H+, Ca2+, AC3+, Cl -, SO42 -, P43 - т. б.

Суда ерігенде немесе балқығанда электр тогын өткізетін заттар электролиттер деп, электр тогын өткізбейтіндер бей электролиттер деп аталады.
1 сызба нұсқа, 6 бет 9 химия.

Физика пәні мұғалімі.
Егер электролитке қандай да бір потенциалдар айырымы бар екі электродты: катод пен анодты енгізсе, онда зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы пайда болады.
Оң зарядталған иондар теріс зарядты катодқа қарай қозғалғандықтан катиондар, теріс зарядталған иондардың оң зарядты анодқа қарай қозғалуына байланысты анондар деп атайды.
(159 б) 95 сурет физика 8; 5 сурет 18 бет химия 9.

Электролит арқылы электр тогы өткенде, электрод зат бөліну процесі электролиз деп аталады.
Катион катодқа жеткенде, с. с аниондар анодқа жеткен бейтарап атомдар, молекулаларға айналады. Сондықтан электродта тұнба пайда болады.
Электролиз техникалық қолданылатын жерлер:
Гальваникалық элементтер, аккумуляторлар, гальванопластик, гальвоностегия.
Электролиз таза күйінде металдар өндіруге де қолданады, мысалы: мыс, алюминий.
Қан плазмасы, барлық тірі клеткалардың плазмасы күрделі электролит болып табылады.
Сонымен тұз, қышқыл және сілті ерітінділері арқылы ток өткенде, электродтарда мзат бөліну құбылысын электролиз деп атайды.
Әр түрлі электролиттерден түрліше токтарды өткізіп, соның барысында электродта бөлінген зат массасын нақты өлшей отырып ағылшын физигі М. Фарадей 1832ж эксперимент жүзінде мынадай заңдылықты ашты:

Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен заряд мөлшеріне пропорционал.
k=m∕q өлшем бірлігі кг Кл
11 кесте

Тақырыпты бекіту есептері.
23 - жаттығу.
Берілгені: Х. Б. Ж Анализ Шешуі:
J = 4 А
t= 20 мин 1200с = 1. 2 *103 m=kJt k = 1, 5*10 - 3 кг =
m= 1, 5 г 1. 5 *10 - 3 кг k=m∕Jt 4 А *1, 2 *103С
к -? =0. 3*10 - 6 кг Кл.

Үйге тапсырма: & 46, 47. 20 ( 1; 2; 3; 6) Жаттығу


Скачать


zharar.kz