Математика 1 сынып
Жаңа сабақ: Қосу амалының компоненттері.
Білімділігі: Өткен сабақты қайталау, өз ойларын баяндауға бірлесіп еңбектене білуге есептерді шығару барысында қалыптастыру. Қосу амалының атауларымен таныстыру.
Тәрбиелігі: Ұлттың тілімен мәдениетін сүюге еңбек етуге, еңбек адамдарының еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Киіз үй жабдықтары. Сандық киіз, төсегіш, жастық, бесік, ыдыс-аяқтар бейнеленген карточкалар қарлығаш суреті.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс: Ойын сабақ.
Сабақтың мазмұны: І. Үйрену.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптерлерін жинау арқылы тексеремін.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақты сурет арқылы түсіндіру. Қосу амалының аты болады. Қосу амалына берілген мысалдарға 3 қатысады дей келіп қарлығаштар бейнесін бейнеленген суреттер арқылы есеп құрастырып, қосудың аттарымен таныстырдым. Сонда 3 қарлығаш отыр еді, оған 2 қарлығаш келіп қосылады. Сонда барлығы неше қарлығаш болды?
Шешуі: 3+2=5. Жауабы: 5 қарлығаш.
3 - 1 - ші қосылғыш.
2 - 2 - ші қосылғыш.
5 – қосынды деп аталады.
Ананы қараңдар балалар!
Бізге қарай аузында тістеген хаты бар бір қарлығаш ұшып келе жатыр деп, қарлығаштың әкелген хатын оқимын. Онда былай депті. Құрметті 2 - сынып оқушылары сіздерге қонаққа барғалы жатырмыз. Күтіп алыңдар. Сәлеммен көрші мектеп оқушылары. Ал балалар күтіп алуға дайындалайық деймін. Оқушылар үсті - басын түзеп, сынып ішін жинастырды. Сол уақытта басқа сыныптың 2 оқушысы келіп кіреді. Балалар амандасады. Ер балалар ассалаумағаликум, қыз балалар сәлеметсіз бе? дейді. Балалар енді қонақтарымызға дастархан жасайық. Дастарханға нан қойылады.
Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса баспаңдар!
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
- деп өлеңмен түсіндіріп дастарханға нан әкелу үшін үй иесіне көмектесіп №1 тапсырманы орындадық
9+6=15
9+5=14
Осы мысалдардағы қосылғыштар мен қосындыны атап көрсетті. Міне балалар тапсырманы дұрыс орындадыңдар деп нанды дастарханға қойдық. Енді құрт әкеліп қою. №3 тапсырманы орындадық.
Шешуі: 10+8=18
Жауабы: Барлығы 18 хат.
Тапсырманы дұрыс орындадық деп дастарханға құрт қойдық.
ІV. Серігу сәті.
Айгөлек өлеңі арқылы әр түрлі қимылмен жаттығулар жасалды. Енді дастарханға қаймақ әкеліп қояйық деп келесі тапсырманы орындаттым №4.
Шешуі: 3+1=4.
Жауабы: 2 - ші семья 4 газет жаздырып алды.
Қаймақтың неден алынатынын айту. Енді дастарханға шұбат, шәй әкелуіміз керек деп түйе және шәйнек көрінісі бейнеленген карточкамен жұмыс жүргіздім. Ер балалар көбіне әкелерімен бірге жүріп, мал жақта қорадағы шаруашылықтарымен айналысатынын айтып, түйе көрінісі бейнеленген карточканы ер балаларға бердім.
Мысалы: 8+7=15.
9+5=15.
7+4=11.
Ал қыз балалар көбіне қонақ келгенде аналарының қасында жүріп дастархан жасауға көмектесетінін айтып, шәйнек көрінісі бейнеленген карточканы қыз балаларға бердім.
Мысалы: 6+5=11.
9+3=12.
8 - 6=2.
Карточкадағы мысалдарды оқытып, жақсы ашық дауыспен оқыған және сабақтан қалыс қалмай араласып отырған оқушыларды мадақтадым.
V. Бағалау. 12 Оқушы.
VI. Үйге тапсырма №2 мысал.
VII. Қорытындылау.
Сабағымызды Қ. Мырзағалиевтің өлеңімен және Дастархан өлеңін айту арқылы осындай жомарт қазақ топырағы. Ол қашан дастархансыз отырады. Қонаққа барын беріп отырады,- деп қазақ халқының қонақжайлығын айтып аяқтадық. Бұл сабақтарымда сәтті шыққан ойындардың аз ғана түрін алып отырмын. Бұдан басқада мынадай көптеген ойындарды пайдаланып отырдым.
Олар: Кім шапшаң , Өз орныңды тап , Хан талапай т. б. Жалпы төменгі сынып оқушылары шығармашылыққа өте белсенділік көрсеткенмен, оны тек ойын ретінде ғана қабылдайды.