Қандай геометриялық пішіндер

Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Математика, Сурет, Қол өнер,
Қоршаған ортамен таныстыру, экология
Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық, Денсаулық, Әлеуметтік
Тақырыбы: Бізді қоршаған орта ( Кіріктірілген)
Мақсаты:
Білімділік: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатта болатын құбылыстарды танып, терең, сезіне білуге тәрбиелеу. Математикалық ұғымдарын арттыру
Дамытушылық: Балалардың логикалық ойлау іс - әрекетін дамытып, жан - жақты ойын арқылы баланың қиялын ой – өрісін есте сақтау қабілетін дамыту. Тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Балаларға табиғаттың төрт құдіретінің ерекшелігі туралы түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортаны қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, жұмбақ жасыру, көмек беру
Көрнекілігі: Бейне таспа, үлгі материалдар
Керекті – құралдар: қайшы, ақ қағаз, дидактикалық ойындар, сиқырлы қорапша, төрт түрлі геометриялық пішіндер

Ә к Тәрбиешінің іс - әрекеті
М Қ Таңғы жиын
Шеңбер болып тұрайық.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса,
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған жер Ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Балалар, ертеңгісін көзімізді ашып терезеге қарасақ нені көреміз?
- Егер күн шашып тұрса қалай қуанамыз?
- Алақай, қол шапалақтау.
Олай болса, бүгінгі күнге, табиғатқа жылы лебізімізді білдірейік.
Армысың ардақты Аспан ата!
Армысың мейірімді Жер ана!
Армысың шұғылалы Алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін.

І ұ
Балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы:
Бізді қоршаған орта
Психологиялық сәт: (музыка қою)
Орындықта отырып Бізді қоршаған ортаға саяхат жасаймыз.

Тәрбиеші сөзі:
Көз алдарыңа туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетіңдер. Құстардың даусы, гүлдер жайнап өсіп тұр. Өзен - көлдер сылдырлап ағып жатыр, Табиғатты тамашалап келе жатсақ алдымыздан мөлдір бұлақ кездеседі. Сол бұлақтан су ішеміз.
Алдымыздан алма ағашы кездеседі. Сол ағаштан алманы алып жейміз.
Раушан гүліне кездесеміз.
- Балалар,
бұлақ дегеніміз - денсаулық
Алма - рухани байлық,
Гүл - бақыт құсын сыйлайды.
Міне, мұның барлығы бізді қоршаған орта, яғни әсем де сұлу табиғат.
Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат, шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.
- Сонымен табиғатқа не жатады екен?
- Адамдар, гүлдер, құстар, ағаштар, күн, жануарлар, биік таулар, өзен - көлдер
- Өте дұрыс, жарайсыңдар!

Таңғажайып сәт:
Есік қағылып, хат тасушы келеді. Қолында сиқырлы үлкен қорапшаны тапсырып
кетеді.
(Әсемделген кардон қорапша)
Сиқырлы қорапша қараңдаршы.
Балалар, қандай әдемі қорапша! Бізге бұл қорапшаны табиғат патшалығынан
жіберіпті. Ішінде бізге ойын - тапсырмалар бар екен. Осы ойын тапсырманы
орындасақ, сыйлығы да бар екен.
1) ойын: Сиқырлы пішіндердің түстерін атап айт, және бұл түстер қандай жыл мезгілдерін білдіреді? Қандай геометриялық пішіндер?
(Көк, жасыл, сары, қызыл)
1 бала: Көк түс, төртбұрыш пішіні, қыс мезгілі
2 бала: Жасыл түс, үшбұрыш пішіні, көктем мезгілі
3 бала: Сары түс,
Тік төрт бұрыш пішіні, күз мегілі
4 бала: Қызыл түсті, домалақ пішінді, жаз мезгілі
2) ойын: Әр жыл мезгіліне байланысты табиғат құбылыстарын ата
1 бала: Көк түс - қыс мезгілі
Қыс - суық, қар жауады, аяз болады. Қыста үш ай бар.
Желтоқсан
Қаңтар
Ақпан

2 бала: Жасыл түс - көктем мезгілі
Көктем - күн жылынады, жаңбыр жауады, күн күркіреп кемпірқосақ шығады,
қар еріп сулар сай - салаға ағады, құстар ұшып келеді, ағаштар гүлдейді
Наурыз, Сәуір, Мамыр


Скачать


zharar.kz