Ақтөбе облыс, Шалқар ауданы
Сарықамыс негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Есболаева Алмагүл Олжаевна
Сабақтың тақырыбы: Адам және өсімдіктер мен жануарлар 2 класс.
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі 3 класс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам мен жануар және өсімдіктің бір-бірімен тығыз байланысы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Танымдық әрекетін, шығармашылық және ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, жануарлар мен өсімдіктерді аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс т. б.
Көрнекілігі: Суреттер, сызбалар, слайд, кеспе қағаздар т. б.
Сабақтың барысы:
І. Кіріктірілген бөлім.
Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Психологиялық тренинг
Таныстыру.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Қызығушылығын ояту.
Жұмбақтар жасыру.
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан
Үп - үлкен боп жасқанар
Кіп-кішкентай арадан (аю)
Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат,
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді? (қасқыр)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар? (түйе)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт жылтырмағы бар.
Бір шыбыртқысы бар. (сиыр)
(Мұғалімнің түсінігі) (слайдтан суреттер көрсету)
Қызыл кітапқа енген жануарлар
ІІ. Сараланған бөлім
Операциялық - орындаушылық кезең
1 - тапсырма
2 класс.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып шығу.
Кеспе қағазбен жұмыс.
№1. Өсімдіктер өсу үшін не керек?
№2. Жануарларға қажетті жағдайларды ата?
№3. Адамға өмір сүру үшін не керек?
№4. Үй жануарларын ата?
Бағалау парағы.
3 класс.
Өзіндік жұмыс.
Карточкалармен жұмыс
№1. Жануарлардың топтарын атап жазыңдар?
№2. Адамдарға қандай жануарлар пайдалы?
№3. Төрт түлік туралы мақал-мәтел жаз?
№4. Қорғауға алынған қандай жануарларды білесің?
Бағалау парағы.
2 - тапсырма.
3 класс.
Сурет әлеміне саяхат
(Әр оқушы қалаған өсімдіктің немесе жануардың суретін салу)
Бағалау парағы.
3 - тапсырма
2 класс
Ойын: Жануарлардың төлін табу
3 класс
Ойын: Жануарлар қайда мекендейді?
Бағалау парағы.
4 тапсырма.
2 класс
Өзіндік жұмыс. (Суретті кеспемен жұмыс)
3 класс.
Зымыран сұрақтар.
1. Қоршаған дүние дегеніміз не?
2. Бір жылда неше ай бар?
3. Өсімдіктердің топырақ астындағы бөлігі не?
4. Қандай өсімдіктер қыста жап - жасыл болып тұрады?
5. Балықтың мекені?
6. Өрмек тоқитын бунақденелі?
7. Қай жануар үйін өзімен бірге алып жүреді?
8. Қай жануар жер астында тіршілік етеді?
9. Жазда сұрғылт,
Қыста аппақ?
Бағалау парағы.
ІІІ. Кіріктірілген бөлім.
Рефлексиялық - бағалау кезең
5 - тапсырма
2 класс Топтық жұмыс
Жануарлардың қорегін тап?
3 класс
(Өз бетінше жұмбақ құрастыру)
6 - тапсырма
Тест
2 класс
1. Адам өміріне не қажет?
А) су, тамақ, жарық, ауа, жылу
Ә) су, қыс, жел, аспан, ауа
2. Үй жануарларын тап?
А) түлкі, қасқыр, аю
Ә) түйе, сиыр, ешкі
3. Өсімдік неше топқа бөлінеді?
А) 2
Ә) 3
4. Жануарлар, өсімдік, адам қандай табиғатқа жатады?
А) тірі табиғат
Ә) өлі табиғат
5. Бұзау қай малдың төлі?
А) ешкі
Ә) сиыр
3 класс
1. Адам өміріне не қажет?
А) су, тамақ, жарық, ауа, жылу
Ә) су, қыс, жел, аспан, ауа
2. Адам суды, жарықты, тағамды қайдан алады?
А) аспаннан
Ә) табиғаттан
3. Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ, жұмсақ қабат?
А) құм
Ә) топырақ
4. Ауаны ластайтын жәйттар?
А) түтіндер, газдар
Ә) ағаштар
5. Сүтқоректілерге қайсысы жатады?
А) балық, құс
Ә) сиыр, бұғы
6. Жыртқыш аңдарды тап?
А) арқар, құлан, түйе
Ә) қасқыр, түлкі, аю
2, 3 – сынып
Тест жауаптары: 1)А, 2)Ә, 3)Ә, 4)А, 5)Ә, 6)Ә
Бағалау критерийі:
2 сынып
20 - 24 ұпай - 5
16 - 19 ұпай - 4
10 - 15 ұпай - 3
Бағалау критерийі:
3сынып
30 - 33 ұпай - 5
26 - 29 ұпай - 4
21 - 25 ұпай - 3
Ән: Қошақаным
Үйге тапсырма:
2 класс. Мәтінді мазмұндау.
3 класс. Мәнжазба жазу.