СҚО, Петропавл қаласы,
№9 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Амирина Ляйля Бауыржанқызы
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Астанаға саяхат. Сын есім
Сабақтың мақсаты: Астанаға саяхат жасау арқылы оқушыларды бас қаламызбен толығырақ таныстыру.
Сабақтың міндеттері: әр түрлі тапсырмалар арқылы грамматиканы қайталай отырып, сөздердің мағыналарына қарай қолдануға үйрету, сөздік қорын дамыту. Отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кәртішкелер, слайдтар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Сыныпты түгендеу
Психологиялық дайындық
2. Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты мен тақырыбымен таныстыру.
Сабақтың тақырыбы Адасқан әріптер ойыны арқылы ашылады.
Ойын слайд түрінде беріледі
ТАНАСА
Деген сөзден Астана , деген сөз шығады
3. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Мұғалімнің сөзі: мұғалім өз - өзін экскурсовод ретінде таныстырады.
Слайдта пойыздың суретті беріледі. Балалар ғажайып пойызға отырып, саяхатты бастайды
1) Сөз сарайы бекеті Сөздік жұмыс
Жаңа сөздер сурет арқылы беріледі.
Оқушылар сөздерді суреттермен сәйкестіндіріп, жаңа сөздермен танысады
- Жаңа сөздермен сөз тіркестер құрылады
- Сөз тіркестері зат есім+сын есім болу қажет
Мысалы: әдемі гүлзар
- Грамматикалық тақырып ашылады
2) Топтық жұмыс
1 топ
Сұрақ: Астана қандай қала?
әдемі, керемет, таңғажайып т. б.
2 топ
Сұрақ: Астанада қандай адамдар тұрады?
Сыйлы, әдепті, ақылды т. б.
2) Сын есімнің туынды, негізгі түрлерін ажыратып таныту үшін
Слайдта Венн диаграммасы беріледі
Сын есімдер
↓
• Негізгі сын есімдер → Түбір сын есімнен жасалады
• Туынды сын есімдер → Жұрнақ арқылы жасалады
4. Жаңа сабақты бекіту кезеңі
Мәтінмен жұмыс
Оқушылар мәтіндегі суреттерді атау арқылы, негізгі мазмұның түсінеді
- Қазақстанның басты қаласы.
Қазақстанның 4 астанасы болды.
Астана Есіл бойында орналасқан.
Астанада әдемі, ғажайып, биік, зәулім көп.
Орталық алаңда әр түрлі көп.
Сонымен қатар атақты адамдардың бар.
Қаланың дәл ортасында көгілдір аспанды тіреп тұратын монументі тұр.
Астана - қала.
Жазбаша жұмыс
Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, сөз тұлғасына талдау жасайды.
Балық сүйегі стратегиясы арқылы жұмыс жүргізеді
Мысалы: әдемі - негізгі сын есім
Атақты - туынды сын есім
Ауызша тіл дамыту жұмысы
Диалог ретінде
Пойыздан қарсы алу
Анықтама бюросы
5. Сабақты қорыту кезеңі
Сабақ кластер арқылы қорытылады
Астана қандай қала?
Сын есімнің негізгі белгілері
6. Рефлексия
Оқушыларға алдын - ала рефлексия парақтары таратылады
Сонымен қатар оқушылар өз-өзіңді бағалау парақтарына да өзіне баға қойып шығады
7. Бағалау
8. Үй тапсырмасы
Астана атты сөзжұмбақ құрастыру
Грамматикалық тақырыпты түсініп оқу