Алматы облысы, Балқаш ауданы,
Көкжиде орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
математика - информатика пәні мұғалімі Абитбекова Жанар Санаққызы
Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: ЕҮОБ және ЕКОЕ тақырыптарына байланысты есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
1. ЕҮОБ және ЕКОЕ тақырыптарына байланысты есептер шығару.
2. Оқушылардың ой - өрісін әр түрлі есептер шығару арқылы арттыру, дағдыларын жетілдіру.
3. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ – жауап, көрнекілік, СКТ, есептеу
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, ойындар, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушыларға сәлемдесу.
Ә) Оқушыларды түгендеу.
Б) Шаттық шеңбері.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
В) Оқушыларды қиықшалармен топқа бөлу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
№ 313
1) ЕКОЕ (3, 40) = 120 ------------------- 3) ЕКОЕ (21, 20) = 420
2) ЕКОЕ (7, 33) = 231 ------------------- 4) ЕКОЕ (8, 81) = 648
5) ЕКОЕ (28, 25) =700 ------------------ 6) ЕКОЕ (38, 39) = 1482
№ 309
1) а= 2* 3 және b=2*7 ------------------- 2) c = 3* 5және d = 3*3*5
ЕКОЕ (6, 14) = 42 ------------------------ ЕКОЕ (15, 45) = 45
3) е =2*2*5 және f = 2*3*5 ------------- 4) m = 2*2*3 және n =2*3*5
ЕКОЕ (20, 30) = 60 ----------------------- ЕКОЕ ( 12, 60) = 60
5) р=2*2*7 және t=2*3*5 ---------------- 6) x=2*2*3*5 және y=2*3*3*5
ЕКОЕ( 28, 60)= 420 ----------------------- ЕКОЕ (60, 90)=180
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызды Білгенімізді қайталаймыз! деген мақсатпен бастаймыз. Түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
1. Топтық жұмыс. Сиқырлы сандар ойыны. Төменде берілген сандар ішінен І топ жай сандарды, ІІ топ құрама сандарды теріп жазады.
10, 11, 66, 97, 128, 139, 201, 311, 450, 502, 503, 641, 864, 879, 991, 117, 422, 784
2. Зейінділік ойыны.
Жұлдызшаның орнына тиісті цифрларды қойып:
1) 9 - ға еселік санды:
2) 3 - ке еселік сандардың ең кішісін жазыңдар:
83*; 2*3; 51*; 76*; 64*; 84*;
3. Алтын сандық ойыны нөмірленген сандықты оқушылар таңдайды. Қай сандықты ашқанда қай есеп шықса оқушылар оқулықтағы сол есепті орындайды.
№ 331
32 - нің бөлгіштері: 1, 2, 4, 8, 3, 2, 16
52 - нің бөлгіштері: 1, 2, 4, 26, 13
№ 332
2 - ге бөлінетін сандар:
94, 108, 604, 710
5 - - ке бөлінетін сандар:
825, 615, 710
3 - ке бөлінетін сандар:
108, 604, 825, 615
№ 336
ЕҮОБ (48, 28) = 4
ЕҮОБ (45, 32) = 1
ЕҮОБ (12, 15) = 3
ЕҮОБ ( 24. 88) = 8
ЕҮОБ (60, 75) = 5
ЕҮОБ (78, 117)= 39
№ 334
ЕҮОБ (48, 28) =4
ЕҮОБ ( 36, 63) =9
ЕҮОБ ( 42, 72) = 6
IV. Сергіту сәті Қара жорға
4. Кім жылдам
Көшбасшылар сайысы
І топқа 100 - ге дейінгі 2 - нің еселігін тап.
ІІ топқа 100 - ге дейінгі 3 - тің еселіктерін тап.
V. Қорытындылау Қызықты есептер
Логикалық есептер беру.
5. Үйге тапсырма: № 333, № 338.
6. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау. Рефлексия