Ақтөбе қаласы Кеңес Нокин ауылы
Благодар орта мектебінің мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Жайтуғанова Нұрлыгүл Шауқымқызы
Даярлық тобына арналған ( 0 в сыныбы) білім беру іс – әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы
Экология негіздері
Тақырыбы: Ер есімі – ел есінде
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеу, ардагерлерді еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту.
Оқушылардың өз Отанына, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін оятып, елін құрметтеп, қорғай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу және патриоттық сезімін ояту. Оқушылардың ой - өрісін арттырып, мәнерлеп айту дағдыларын жетілдіріп, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиешінің әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші:
- Армысыңдар, балапандарым!
- Қане, бәріміз мынау жарқын әлеммен амандасайықшы!
Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмтылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыс. Өздеріңізге белгілі 1941 жылы 2 - маусым күні таңғы сағат 4 - те бейбіт жатқан елімізге фашистің Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер - жердегі ауыл - селоға тарады. Ер - азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұралып кетті. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Елімізге жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Орасан зор майдан шебінде соғыс қатты жүріп жатты. Осы соғыста Совет Одағының басқа Республикаларымен бірге біздің Қазақстан халқы да аянбай жаумен шайқасты.
Ассоциация: Соғыс деген не?