Жұрнақ тобы

Скачать

Қазақ тілі
Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін пысықтау.
Міндеттері: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдері пысықталады. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге жаттығады. Сауатты, көркем жазуға және өмірмен байланыстыра оқытуға тәрбиеленеді.
Күтілетін нәтиже: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдері пысықталады. Талдауға жаттығады. Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді.
Сабақтың типі: қорытындылау сабағы.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Ресурстар: қима қағаздар, суреттер, стикерлер.
Әдістер: іздендіру, шығармашылық, Вен диаграммасы.

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту сатысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі: - Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн деп айтамыз,
Мектептен білімді боп қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Сәтті күн болсын!

2. Сабақ мақсатымен таныстырылады.
3. Үй тапсырмасы тексеріледі. Ойын: Жылдам жауап берейік!
- Қосымшалар нешеге бөлінеді?
- Жұрнақ деген не?
- Жалғау деген не?
Жалғау тобы: - 5 жалғаулы сөздер жазады.
Жұрнақ тобы:- 5 жұрнақты сөздер жазады.
Қосымша тобы:- 5 жұрнағы да, жалғауы да бар сөздер жазады. Әр бала топта жеке орындайды.

ІІ. Мағынаны ажырату сатысы.
4. Оқулықпен жұмыс. Ойын: Талдап көр, таңдап көр!
Жалғау тобы: 1 - жаттығу - Өлеңді оқу қарамен жазылған сөздерді теріп жазып сөз құрамына талдау, дәлелдеу.
Жұрнақ тобы: 2 - жаттығу - көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жазады.
Қосымша тобы: 4 - жаттығу - Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді теріп жазып сөз құрамына талдау, дәлелдеу.
5. Сергіту сәті: Гүлдер атын атап талдау.
Ойын: Суретке қарап сөйлеп көр!
Жалғау тобы – сөйлем құрастырады.
Жұрнақ тобы - түбір мен қосымшасын ажыратады.
Қосымша тобы – сызбамен көрсетеді
6. Ойын: Кестені толтырып көрелік! 5 - жаттығу
Жалғау тобы: - түбір сөз
Жұрнақ тобы: - жұрнақ жалғанған сөз
Қосымша тобы:- жалғау жалғанған сөз


Скачать


zharar.kz