Құттықтау сөзін мектеп директоры

Скачать

Жолың болсын, балдырған!
Ертегінің мақсаты: Оқушылардың жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсетіп, балалардың сөздік қорын, тілін, ой - өрісін кеңейту. Ұйымшылдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Зал мерекедегідей әсем безендіріледі. Әдемі гүлдер, шарлар, құстар ілінеді.
(Әдемі музыка әуенімен оқушылар залға кіреді).
Ән ұран
Тәрбиеші:
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгін сіздер мектепалды даярлық сынып шәкірттерінің Жолың болсын, балдырған! қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!.
Құттықтау сөзін мектеп директоры: Бірманова Қымбат Исланбекқызына береміз.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ахметова Лаззат Шәкейқызына береміз.

Тәрбиеші:
Сөйледі олар тіл бітіп,
Небір қызық сырларды.
Тыңдай бердім мен жұтып
Тіл біткен тақпақ, жырларды.

Тақпақтар:
1 – оқушы:
Сәлем саған мектебім
Сәлем білім ордасы
Жасыл бақты мектебім
Жастық шақтың жолдасы.
2 – оқушы:
Биыл күзде мектепке
Біріншіге барамын
Мақтанбаймын текке мен
Дайын дәптер қаламым.
3 – оқушы:
Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапты да оқимыз
Суретті де саламыз.
4 – оқушы:
Қанатым талмайды
Қиялым самғайды
Ақын да, ғалым да
Ұстазсыз болмайды.
5 – оқушы:
Мектепке биыл барармын
Қолыма кітап алармын.
Дайын тұр менің портфелім
Дайын тұр жазар қаламым.
6 – оқушы:
Сенен біліп шығармын
Аспан барын, күн барын.
Сен арқылы ұғармын
Жұмбақ әлем сырларын.
7 – оқушы:
Мектепке енді барамыз
Біз оқушы баламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.

Тәрбиеші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін баршамызға бағыштайды
Ән: Айгөлек әні.
Тәрбиеші:
Аққудай өрнек салған көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле,
Бұралып тал шыбықтай тұла бойы,
Шаттық пен күлкі үйірілді келбетінде - дей келе
0 В сыныбын Вальс биімен қарсы алыңыздар.

Ойын: Қыз қуу (Әуен ойнап тұрады)
Балалар алдымен ойынның шартын тыңдап, танысып алыңдар.

Тақпақтар:
8 – оқушы:
Енді мен үлкен баламын
Ананың тілін аламын
Әжемнің барлық айтқанын
Миыма құйып аламын.
9 – оқушы:
Ардақты мұғалім
Білімнің - бұлағын.
Таусылмас сен жайлы
Тасқынды жыр әнім.
10 – оқушы:
Мереке күніңмен
Құттықтап бүгін мен
Ойыма ой қосам
Сен берген біліммен.

11 – оқушы:
Баспалдақтан біртіндеп
Мен ұшамын қияға
Сен тұрасың күлімдеп
Ұқсап алтын ұяға.
12 – оқушы:
Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз.
Үлкен болып өссек те
Бақшамызды қимаймыз.
13 – оқушы:
Ән салайық бас қоса
Бақшаменен қоштаса
Қалам, дәптер, өшіргіш.
Кітаптар мен достаса
Ән Бала тілегі
Тәрбиеші:
Қош бол, құтты Сауат ашу
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлестің.
Мектепке дайынсың ба? Балалар атты ойынын ойнаймыз Мен сендерге ойын шартын түсіндіріп өтейін.
Алдымен 2 командаға бөлініп алайық сендердің қаншалықты әріптерді меңгергендеріңді тексеріп көрейік.
1 топ (әке, апа мама) сөздерін жазады.
2 топ (әже, папа, ата) сөздерін жазады.
- Бірінші сөзде неше әріп бар?
- Неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?
- Дыбыс деген не?
- Әріп деген не?
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар!
Ән: Қошақаным Таласбек Ерсұлтан
Ойын: Кім шапшаң?
Құрметті аталар ортаға 8 ата - ананы шақырамыз. Қай ата - ана шапшаң екен балалар!
Шіркін ай әнші, жыршы, күйшілер - ай
Сұлу әуен көңілге құйсын арай
Аққу құстай құйқылжытып,
Мың бұралған қазақтың бишілері - ай
Кезекте сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық
Қазақ биі ортаға әдемі де, әсем қыздарымызды шақырамыз
Тәрбиеші: балалар есеп шығаруды ұнатасыңдар ма? Онда мұқият тыңдаңдар
1. Сатып алып 1 сәбіз
Қойды үйрек себетке
Тағы сонша қосса оған
Нешеу болмақ әдетте? (балалардың жауабы)
2. Алма бағы жайнаған
Қызыл алма айналам
Алдым үзіп бесеуін
Тағы да алам бесеуін
Алдым сонда нешеуін? (балалар жауабы)
Тәрбиеші: Асыл сөзбен ата - анаға ой салайық,
Екі ортаға алтыннан жол салайық
Құрметтеп келген ата - аналарды
Сахнаға шақырайық!

Тәрбиеші
Көңілдің ақ тілегін көл етеміз
Тілектермен нығайсын берекеміз
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осымен аяқталды мерекеміз!


Скачать


zharar.kz