Жай заттардан күрделі заттардың алынуы - синтез

Скачать

Химия 8 класс
Тақырыбы: Табиғаттағы су. Судың қасиеттері және қолданылуы. (№6 зертханалық тәжірибе, 6. 1; 6. 2 ).
Мақсаты: б). су және оның құрамы, қасиеттері, қолданылуы туралы мағлұматтар бере отырып оқушылардың білімдерін жан – жақты жетілдіру; формулаларды, реакция теңдеулерін дұрыс, сауатты жаза білуге үйрету; тақырыптағы жаңа термин сөздермен таныстыру;
т). жеке тұлғаны өз ерекшеліктеріне қарай тәрбиелеу; ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, ұлтжандылыққа, өз беттерінше жұмыс істей алуға тәрбиелеу;
д). ой – өрістерін дамыту, есеп шығару қабілеттерін арттыру, сыни тұрғыдан ойлай алу қабілеттерін қалыптастыру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: топпен жұмыс, баяндау, сұрақ – жауап, есептер шығару, тәжірибе жасау, СТО технологиясының элементтері: қызығушылықты ояту, ой қозғау, мағынаны тану, ой – түйін.
Көрнекілігі: слайдтар, периодтық кесте, бейнебаяндар, кесте – сызбанұсқалар, т. б.
Пәнаралық байланыс: математика, география, тарих, биология, экология, қазақ тілі мен әдебиеті.
Құрал – жабдықтар: натрий кесегі, су, сөндірілмеген әк, индикатор қағазы, химиялық ыдыстар, ақ парақтар, фломастерлер, стикерлер.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру. (Оқушылардың сабаққа қатысымдары, дайындықтары, класс тазалығына назар аудару.)
2. Топқа бөлу. (Оқушылар сары, көк түстерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.)
1 - топ: Сутек , 2 – топ: Оттек

3. Үй тапсырмасын сұрау. Өткенге шолу. (Сұрақтарға жауап беру)
Сұрақтар:
1. Сутекті кім, қай жылы ашқан? (1776 ж. ағылшын ғалымы Г. Кавендиш)
2. Тотығу – тотықсыздану реакциясы деген не? (валенттік электрондары ЭТ кіші атомдардан ЭТ үлкен атомдарға ауысатын немесе ығысатын процесті тотығу – тотықсыздану реакциясы дейді)
3. Үнемі оң тотығу дәрежесін көрсететіндер? (металдар)
4. Тотығу процесі деген не? (электрондарды беру процесі)
5. Тотықсыздану процесі деген не? (электрондарды қосып алу процесі)

4. Қызығушылықты ояту. Кім тапқыр? (жұмбақ шешу)
Бірі жанып, бірі қолдап жануды,
Екі элемент бізге бұрын танылды.
Өрт болып еді сөндіруге көп адам,
Қосылысын алып сонда ағылды. (сутек, оттек, су)

5. Ой қозғау. (Екі топқа парақтар беріледі. Сол парақтарға оқушылар суға қатысты білетін мағлұматтарын бір – бірден жазып шығады. Парақтар тақтаға ілініп, түсіндіріледі.)

6. Мағынаны тану.
Су – маңызды қосылыс. 65 - 70% - ы адам ағзасында кездеседі. Тәулігіне ең аз дегенде 2 л. адамға су қажет. Ғаламшардағы су жер қыртысының 70% - ын алып жатыр. Жер бетіндегі су қоры теңіз бен мұхиттарда – 1, 4 млрд. км3, тұщы мұздықтарда – 30 млн. км3, өзендер мен көлдерде – 3 млн. км3. Адам мен жануардың 2 3 бөлігі, өсімдік массасының 4 5 бөлігі судан тұрады.
Химиялық формуласы – Н2О, құрылымдық формуласы – Н - О - Н, Мr=18. ХҮІІ ғасырдың аяғында судың күрделі зат екендігі анықталды, су жасанды жолмен газтектес сутектің оттекте жануынан алынды. Осы арқылы судың екі элементтен, сутек және оттектен тұратындығы анықталды.
Жай заттардан күрделі заттардың алынуы – синтез. (грекше синтезис - бірігу ). (оқушылар анықтаманы дәптерге жазып алады.)
Суды электр тогының көмегімен құрам бөліктерге айырды. Қ. ж. 1 л. сутектің массасы 0, 089 г., ал 1л. оттектің массасы 1, 429 г. Бөлінген газдардың массалық қатынасы 1: 8.
Заттың құрамын жай заттарға жіктеу арқылы табу әдісі – талдау (анализ). (грекше анализис - айырылу ).
Су түзілгенде сутек пен оттек атомдары осындай массалық қатынаста әрекеттеседі. Бұл реакцияны жүргізу үшін эвдиометр қолданылады (оқулық, 33 – сурет, 105 - бет). Бөліктерге бөлінген қалың қабырғалы шыны түтік, ішінде суы бар ыдысқа тігінен орнатылған және мыс сым өткізген резеңке тығынмен жабылған. Түтік сумен толтырылып, 2 көлем сутек және 2 көлем оттек енгізіледі (1). Мыс сымның бос ұштарын индукциялық катушканың сымына, яғни электр тогының көзіне жалғайды. Сымдардың ұштарын бір – біріне жақындатқанда ұшқын шығарып, нәтижесінде жарылыс пайда болады. Эвдиометр түтікшесіндегі су 3 бөлікке (2) көтеріледі. Себебі 2 көлем сутек 1 көлем оттекпен әрекеттеседі. Қалған газ көлеміне жанған шырпыны апарғанда жарқырап жанады, демек, бұл қалған оттек.
ХҮІІІ ғ. бастап су масса бірлігінің эталоны болды. Тығыздығы 1 г см3. Электр тогын нашар өткізеді.
Металдардың электрохимиялық қатарында магнийдің сол жағында орналасқан металдар сумен тікелей реакцияға түседі.


Скачать


zharar.kz