Суретке қарап хабарлы, сұраулы сөйлемдер жазу

Скачать

Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Абдулова Инеш Хадымқызы

Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушыларды сөйлем, сөйлем түрлерімен таныстырып, сөйлемдерді тыныс белгілеріне қарай ажырата білуге үйрету.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісі артып, сөздік қорларын молайту, өз ойларын жатық сөйлемдермен жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: бірін - бірі тыңдай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа оқу - материалдарын оқып-үйрену сабағы
Сабақтың әдісі: Еркін жазу , Бір айналым сөйлесу стратегиялары, түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік.
Көрнекілігі: Суретті парақшалар, перфокарталар, тақырыпқа дайындалған слайдтар жиынтығы.
Сабақтың жүрісі:
I Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушыларды 2 топқа бөлу
Шаттық шеңберін құрып, топ оқушылары бір - біріне тілек айтады.
II Үй тапсырмасын сұрау
Мәтін тақырыбы бойынша сынып оқушылары білетіндерін бірлесіп қағаз бетіне түсіреді. I
II Жаңа сабақ Сөйлем
Берілген материалдарды пайдаланып, топ оқушылары жаңа тақырыпты бірлесіп түсіндіреді. Мұғалім қателерін түзетіп, толықтырады.

Айтылу мақсатына қарай: Хабарлы, Сұраулы, Лепті, Бұйрықты

Аяқталған ойды білдіреді
Жазылуына қарай
Сөйлем сөздерден құралады Бірінші сөзі бас әріппен жазылады. Сөздер бір - бірінен бөлек жазылады.
1. Топпен жұмыс
I топ Кітаппен жұмыс
1 - жаттығу.
1. Білім, кітап, бұлақ
2. Кітап - білім бұлағы
Тапсырма: Қайсысы сөйлем? Неліктен?

II топ “Сөз - моншақ” құрастыру
Сендерге көмектеседі кітап болуға білімді.

2 Шығармашылық жұмыс

Еркін жазу стратегиясы
І топ. Суретке қарап хабарлы, сұраулы сөйлемдер жазу.
ІІ топ. Суретке қарап хабарлы, лепті сөйлемдер жазу.
3. Сергіту сәті (Әуені тыңдатылады, оқушылар әнін айтады)
Ардақтайтын Астанам
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай бас қадам!

4. Көркем жазу
Ана тілің - еркіндігің, теңдігің,
Мақтанышың, елдігің.

5. Кімнің ойы ұшқыр? ойыны
Бір сөйлем жазып, соны сұраулы, лепті сөйлемге айналдырып жазу.

IV Қорытынды. Бір айналым сөйлесу стратегиясы
Әр оқушы сөйлем туралы білетіндерін айтады, бірін - бірі толықтырады.
V Үйге тапсырма беру: Атырау, туған жер, мектеп, білім сөздеріне сөйлем құрау
VI Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.


Скачать


zharar.kz