Тақырыбы: Дәстүрлі әншілік өнер. Ақан Сері, Біржан Сал, Сегіз Сері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дәстүрлі әншілік өнердің қыр - сырын терең ұғындыру, ұлттық болмысымызды дәріптеу. Келер ұрпаққа дәстүрлі өнерімізді жеткізу.
Сабақтың көрнекі құралдары: Дәстүрлі әншілердің суреттері. Плакаттар. Аспаптар: домбыра, баян.
Сабақтың түрі: Топтық сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ.
IV. Музыка тыңдату.
V. Плакатпен жұмыс
VI. Жаңа сабақты қорытындылау
VII. Бағалау, үйге тапсырма беру.
1) Амандасу, түгелдеу.
Оқушыларды 4топқа (үй тапсырмасы бойынша) бөлу:
I. Қырғыз
II. Тәжік
III. Өзбек
IV. Түркімен тобы
Үй тапсырмасы: Орта Азия халықтарының музыкасы. Аспаптары.
Төрт топ өз атауларындағы халықтар бойынша әңгімелейді. Ұлттық аспаптарын, олардың қалай ойналуын, құрылысын жеке - жеке таныстырады.
Әр топты бағалау.
Сергіту, Қара жорға биін билеу.
Жаңа сабақ: Қазақтың вокалды ән айту өнері, Дәстүрлі әншілік өнер.
Мұғалім: Дәстүрлі әншілік өнер қазақ халқында 19 ғасырларда кең етек жая бастады. Қазақстанда өңірлерге байланысты дәстүрлі әншілік мектептер бар. Мысалы:
(Слайд көрсету)
Дәстүрлі әншілік мектептер:
1. Орталық және Солтүстік әншілік мектебі
2. Оңтүстік өңірі әншілік мектебі.
3. Батыс өңірлік әншілік мектебі.
4. Шығыс өңірлік әншілік мектебі.
5. Сыр бойы әншілік өнер мектебі.
19 ғасырда дәстүрлік өнердің жолына түскен көптеген әншілер болды. Олар: Абай, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Мұхит, Естай, Ақан Сері Біржан Сал тағы басқалары.
Бүгін біз Ақан Сері, Сегіз Сері, Біржан Сал өмірі мен шығармашылығымен танысамыз. Ақан Сері шын есімі - Ақжігіт. Ел аралап, қас атып, аң аулап, саят құрып, елдің еркесіне айналады. Халық оны Ақан Сері деп атап кеткен. Ақан Серінің көптеген әндері бар.
(Слайд көрсету.)
Ақан әндері:
1. Сырымбет
2. Маңмаңгер
3. Құлагер.
4. Қараторғай
5. Балқадиша.
6. Мақпал.
7. Ақтоқты т. б.
Келесі дәстүрлі әншіміз - Сегіз Сері. Сегіз Серінің шын есімі - Мұхамедқанапия. Ол да халықтың қошеметіне бөленген, жастайынан ән айтып, құс атып, мергендігімен, сегіз қырлы, бір сырлылығымен көзге түседі. Халық еркелетіп Сегіз Сері деп атап кеткен. Ол ел аралап, жиын тойда ән айтып, той басқарып жүреді. Бір күні Қостанай өңіріндегі Шыңғыс болыстың балалы болу тойына түседі. Шілдехананы өзі басқарып, үй иесінің алғысын алып, баласының есімін Мұхамедқанапия қояды. Ол бала әйгілі Шоқан Уәлиханов атамыз болатын. Шоқанның шын есімі - Мұхамедқанапия.
(Слайд көрсету)
Сегіз Сері әндері:
1. Жылыой
2. Ақбақай.
3. Гайхартас.
4. Елигай т. б.
Келесі дәстүрлі әншіміз - Біржан Сал. Ол да халықтың ықыласына бөленген. Біржанғ а сал есімі беріледі. Біржан - заманының лирик әншісі. Оның әндері:
(Слайд көрсетіледі)
1. Жанбота.
2. Жоныпалды.
3. Ләйлім Шырақ.
4. Теміртас т. б.
Үнтаспадан Ақан Серінің - Балқадиша, Сегіз Серінің - Гаухартас, Біржан Салдың - Теміртас әнін тыңдату.
Балалар плакаттағы: не білдім? Не білемін? Не білгім келеді? Сұрақтарына жауап береді.
Сабақты қорытындылау. Әр топқа сұрақтар беріледі.
1. Дәстүрлі әнші болу үшін не істеу керек?
2. Дәстүрлі әншілерді дайындау керек пе? Қалай?
3. Дәстүрлі ән мен эстрада әнінің айырмашылығы қандай?
4. Қазір қандай дәстүрлі әншілерді білеміз?
5. Үйге тапсырма беру. Дәстүрлі ән өнері.
Үйге тапсырма беру. Дәстүрлі ән өнері. Ақан Сері, Біржан Сал, Сегіз Сері туралы мәліметтер дайындап келу.
Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Сабақ аяқталды.